КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-08-15

«Вальс патшасы»

Бүгін ұлтымыздың рухы биік, есімі тарихымызда мәңгілікке қалған, халықтың шексіз сүйіспеншілігіне бөленген бір ұлы – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні! Бүгінгі мерекелік мерейлі шара А.С.Пушкин атындағы ОӘҒ кітапханасы мен облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Шәмші» аллеясында орналасқан ескерткіш басында «Ескерткішке тағзым» акциясы аясында «Вальс патшасы» деген атпен өтті.


 

 

Сазгердің шығармашылығына арнап «Шәмші-дария» атты көрме жасақталды. Мерекелік іс-шара ескерткіш басына гүл шоқтарын қоюдан басталды. Алғашқы сөз композитор, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі дирекциясының бас директоры Қалдыбек Құрманәліге беріліп, сөз кезегін облыстық мәслихаттың депутаты Әбілқасым Досболов , сазгер, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Нышан Төлегенов, қарындасы Райхан Қалдаяқова жалғастырды. Мерекелік іс-шарада облыстық филармония әншілер ҚР мәдениет қайраткері Айжан Тәженова, Гүлмира Қалыбекова, Аман Төре, Жазира Аралбаева, Бибігүл Әщірбаева, өнерлі жұп - Тимур Дәулет пен Арай Кәдірбек, сондай-ақ белгілі әнші Хадиша Шалабаева әнмен аспанды әуелетті. 

 

 

 

 

Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай! 
Мына адамдар неғып жатыр тойламай?!,-деп ақиық ақын Мұқағалидың осы бір ауыз сөзін қазағымыздың дарынды да дара әрбір перзенттерін туған күні қарсаңында еске алып, ендігі жерде кейінгі ұрпақ ұлылардан ұялып,өкінетін өлең енді тумаса екен деп тілегіміз келеді. Қаламыздың әр жерлерінде орналасқан осындай тас мүсіндердің тек сән үшін орнатылмағандығын, және ол адамдардың қазақ үшін орны ерекше екенін жастар біліп өссе деген ниетте, «Туған жер» бағдарламасын насихаттау мақсатында кітапханамызда құрылған «Атамекен» жобасы аясында «Ескерткішке тағзым» акциясын жалғастырып, халықтың асыл перзенттерінің мұрасын насихаттаудан танбайды.