КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-12-28

«Жыл жазушысы - 2018» - Мархабат Байғұт !

Қазақ әдебиетінде өзіндік көркемдік талғамы мен стилі бар, сөз өнері тарихында еңбегі, көзқарасы мен қолтаңбасы, дүниетаным иірімдері кең орын алатын жазушы Мархабат Байғұт.


 

   «Қазақ үні» газеті мен Qazaguni.kz ұлттық порталында 2018 жылы «Жыл адамдары» сараланған болатын.Еліміздің еңселі болашағы үшін еңбектеніп жүрген ел азаматтарының жүзден жүйрік,мыңнан тұлпарларын таңдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан осынау жоба аясында оқырмандар қалаған жазушысын таңдады.Таңдау телефон сауалы,смс, электронды почта хабарлары және әлеуметтік желі арқылы жасалды. Сараптаудың нәтижесі бойынша сарапшылар алқасының шешімімен оқырманның жүрегінен өміршең шығармалары арқылы орын алған Мархабат Байғұт «Жыл жазушысы -2018» марапатына ие болды.
   Өзіндік дара тұлғасымен,суреткерлік стилімен ерекшеленетін қаламгердің кітапханада «Оңтүстіктің дара тұлғалары» мақсатты бағдарламасы аясында ашылған «Мархабат Байғұт әлемінде» естеліктері,фото суреттері, жеке кітапхана қорынан алынған шығармалары қойылған және оқырмандарға кеңінен насихатталуда. Мамыражай майда мінезімен өмірде де, әдебиетте де өзгелерге ұқсаңқырамайтын, өзіндік жолы бар, кітапханашылардың ерекше махаббатына ие болған Мархабат Байғұт мырза марапатыңыз құтты болсын!