КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-01-30

«Қобыз күйін толғаған»

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қобызшы-композитор Жаппас Қаламбаевтың туылғанына -110 жыл толуына орай, өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктерін дәріптеп, қиялыңа қанат бітіріп, арманның көкжиегін алысқа жетелейтін киелі аспап – қоңыр үнді қобызды насихаттап,мәдени-көркем мұраның салаларын жастардың бойына дарыту,жүрегіне ұялату мақсатында «Қобыз күйін толғаған» атты танымдық- музыкалық кеші болып өтті.


 

 

 

Кешке Ж.Қаламбаевтың қызы Жаңыл Жаппасқызы, немересі Асқарова Табиғат Генералқызы, шөбересі Гүлсім Сұлтанқызы және зиялы қауым өкілдері қатысып,өнер иесін еске алып, оның аспапты музыка өнеріндегі қалдырған ізі туралы кең көлемде сөз қозғап, шығармалары қобыз сарынымен қатысушыларды баурап алды.