КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-03-20

КІТАПХАНА ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ !

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мерзімінен бұрын өз өкілеттілігін тапсыру туралы шешімін және бүгінгі өткен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың салтанатты түрде ант беру рәсімінде айтылған бастамаларын кітапхана басшысы Ш.А.Динасилова ұжым арасында талқылап өз пікірін жеткізді.


 

 

Елбасының салиқалы саясатын насихаттап келе жатқан кітапханашылар үшін бұл тосын жаңалық болғаны анық. Келешекке көрегендікпен қадам басатын ұлт көшбасшысының бұл шешімі ұжым арасында қимастық сезім, тұлғаға арнап айтылған жүрекжарды лебіздерге толы болды. Ұлт жанашыры, Қазақстан мемлекетін төрткүл дүниеге танытқан Елбасы тұғырдан түспей қоғам қайраткері қызметін атқаратын болады. Демек кітапхана ҚР Тұңғыш Президентінің халық үшін атқарған қызметі мен бастамаларын,мемлекет басшысы ретінде жүріп өткен жолын қызу насихаттауын жалғастыратын болады.