КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-02-18

«Қиын жасөспірімдер дегеніміз кімдер?»

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.


 

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. 
Осыған орай 18 ақпан күні кітапханамызда оқу залы бөлімінің жанынан құрылған «Заңгер» клубының ұйымдастыруымен «Қиын жасөспірімдер дегеніміз кімдер?» атты тақырыптық кездесу кеші өтті.

 

 

Кездесуге Әль – фараби ауданының полиция қызметкерлері, №51мектебінің тәрбие – ісі меңгерушісі, психолог мамандары, клуб мүшелері, №63, №19, №127 жалпы орта мектептерінің ұстаздары мен оқушылыры қатысты. Шарамызға белсене қатысып отырған мамандарымыз кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, онымен күресу, болмауына көмек көрсету мақсатында өз ойларын жастарға жеткізе білді.