КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-02-20

«Жалынды жастар»

Бүгін мерзімді басылымдар залының жанынан құрылған «Сырласу –Альманах» жастар клубының ұйымдастыруымен «Жалынды жастар» атты пікір- сайыс өтті. «Жастар – біздің болашағымыз» атты көрме жасақталып, жастарға «Бүгінгі жастар қандай?» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.


 

 

 

Іс-шараға № 3 Шымкент қалалық индустриалдық-техникалық колледж студенттері мен мұғалімдері, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің маманы Ж.Қамбар, клуб мүшелері қатысты. 
Шараның мақсаты : Бүгінгі заман талабына сай жас ұрпаққа жан-жақты терең тәрбие бере отырып, ұлттық салт-санасын дамытып, өз елінің патриоты болуға баулу. Жастарды жаңашылдыққа жетелей отыра, өткенімізді білетін, бүгінгімізді түсінетін, болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. 
Жастар ресурстық орталығының маманы Ж.Қамбар қоғамдағы болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты жастарды уақытты тиімді пайдалану, көп тілді меңгеру, зайырлы мемлекеттің болашағы болуға рухтандырып, өз ойын ортаға салды. Жастар осы тақырыпта өз пікірлерін білдіре отырып, қонақтарға сұрақтар қойып отырды. Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертені , өз елінің білімді өнегелі азаматтары болуы керек деп, жастар кешті әсем әнмен қорытындылады.