КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-02-22

«Сөз өнерінің дарын иесі – Жүсіпбек»

Суреткер жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны мен шығармашылығынан оқырмандарға жан-жақты мәлімет беру үшін, жазушының азаматтық биік тұлғасын, туған халқына, оның әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін танып – білу үшін көркем әдебиетті сүюге баулу мақсатында №64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия ұстаздары мен 10 «А, Б» сынып оқушыларымен жазушы, драматург, публицист Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 130 жыл толуына орай «Сөз өнерінің дарын иесі – Жүсіпбек» атты әдеби кеш өткізілді.


 

 

 

 

Кеш барысында кітапханашының кіріспе сөзінен кейін, Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығынан Жүнісбекова Гүлмира мен Қалдан Шадияр естеліктер оқыды, бейнебаян көрсетілді. 10 «А» сынып оқушылары Абдусапарова Аружан, Ағабек Мереке, Айденбекқызы Динара, Совет Сержан суреткер жазушының «Қартқожа», «Күнікейдің жазығы» және «Әнші» шығармаларынан үзінділер оқыды, 10 «Б» «Ақбілек» романынан көрініс көрсетілді. Оқушылар кітап көрмесімен таныстырылып, кітапхананың тұрақты оқырмандары болуға шақырылды.