«Жас талант» ұйымы
СҮЙІНШІ!!! СҮЙІНШІ!!! СҮЙІНШІ!!!
Жастар жылында Түркістан облыстық А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Жас талант» ұйымы ашылды.



«Жастар – руханият тірегі» жобасы аясында бүгін «Жас талант» ұйымының еркін форматта өткізілген алғашқы мәдени іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында ұйым төрағасы сайланды. Төраға болып бір ауыздан М.Әуезов атындағы мемлекеттік университетінің 1 курс студенті, болашақ мәдениет майталманы деп үміттенетін Төреш Сұлтанмахмұт Нұрланұлы таңдалды. Алдағы уақытта «Жас талант» ұйымының жағымды жаңалықтарымен бөлісіп отыратын боламыз.
Іс-шараға қатысқан жастар арасынан кеш соңында бойында таланты бар жастар ұйымға мүше болуға ниет білдірді.

