«Сіздерге шын жүректен!»
Елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасымыздың бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні 1 наурыз "Алғыс айту" күніне орай «Сіздерге шын жүректен!» деген тақырыпта мерекелік кеш өткізілді.
Кеш қонақтары болып Ұйғыр ұлтының өкілі тұрақты оқырман Р.Юлдашахунов, «Болашақ» бағдарламасымен Түркіменстаннан келген М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті А.Хамраев, «Ынтымақ» әжелер тобы, «Жас талант» ұйымы, ОҚ Медициналық колледж оқушылары, №15 Д.Менделеев атындағы мектептің 7 ә сынып оқушылары ұстаздарымен, №19 Ө.Жәнібеков атындағы ЖОМ-нің оқушыларынан құрылған «Дара» би тобы қатысты. Алғыс айту ақ тілекпен, ән-жырмен, әр түрлі ұлттардың биін нақшына келтіріп орындаумен жеткізілді.




