КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-04-11

«Қиялға жан бітірген қос тарлан»

Бүгін 11 сәуір сағ: 14:30-да А.С.Пушкин кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Мұхтар Найманбаев пен Мұхтар Өтебаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Қиялға жан бітірген қос тарлан» атты еске алу кеші өтті.


 

 

Кешті белгілі драматург Сая Қасымбек жүргізіп отырды. Кешке келген театр майталмандары таңғажайып театр әлемінің сан алуан тынысымен және өнерде өзіндік із қалдырған актерлар құпиясының тылсым сырларымен, ой- толғамдарымен бөлісті. Қос тарланның әр кезеңдердегі шығармашылық жолдарынан дайындалған бейнеролик ұсынылып, Алтай өңірінен келген «Алтай- ұран» тобы мен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртістері өз өнерлерімен көрермен қауымды тәнті етті.