КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-04-12

«Ақ жауынмен сырласқан Әбілда жыр»

Қара өлеңнің құлагері, Оңтүстіктің айтулы тұлғасы, туғанына 65 жыл толған ақиық ақын Әбілда Аймақтың артында қалған асыл мұраларын жастар арасында дәріптеу мақсатында «Ақ жауынмен сырласқан Әбілда жыр» атты ақынды еске алу кеші өтті.


Кешке бір топ зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері, №63 НОМ және Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушылары, кітапхана қызметкерлері қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

Кеш кітапханашылардың әдеби композициясымен басталып, зиялы қауымның ақиық ақын Ә.Аймақ туралы естеліктері, арнау өлеңдері тыңдалды. Ақынның өлеңдеріне ән жазған әнші, композитор Н.Төлегеновтың «Аллаға мадақ» әні мен композитор Б.Алтайдың «ҚР Ауған соғыс ардагерлері» әнұранын нақшына келтіріп орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді. «Жас талант» ұйым мүшелері мен оқушылар ақынның жырлары ұмытылмай мәңгі ізі болып қаларын дәлелдегендей болды.