КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-04-17

«Сағындық сізді, жан аға!»

Жас ұрпаққа алдыңғы буын ағалардың жанкешті еңбектерін дәріптеу, журналистика саласының сан қырларын таныту мақсатында, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, журналист, бар саналы ғұмырын облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне арнаған Өскенбай Әмзеевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Сағындық сізді, жан аға!» атты еске алу кеші өткізілді.


 

 

Еске алу кешіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Еркінбек Тұрысұлы, белгілі қаламгер, ҚР құрметті журналисті, Түркістан облысының құрметті азаматы Байдулла Қонысбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, жазушы Мархабат Байғұт, басқа да зиялы қауым өкілдері, Оңтүстік Қазақстан газетінің редакция алқа мүшелері, тілшілер, журналист ағаның туған, туыстары туған бауыры Кәрібай Әмзеұлы отбасы, ағайын, туыстары, жалпы оқырман қауым, кітапханашылар және т.б. қатысты. 
Кеш Ө.Әмзеұлына арналған көрмеге шолу жасаудан басталды. ҚР құрметті журналисті Байдулла Қонысбек аға модератор болып, әрбір сөздің бағытын шынайылықпен саралап, журналистиканың қиын да, қызықты өмірін жеткізді. Келген қонақтар Ө.Әмзеұлы туралы сағынышқа толы еселіктерін айтып тауыса алмағандай...

Күмбірлеген күй тартылып, поэзияға да орын берілді.