КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-07-04

Құрметті Үмітхан Дәуренбекқызы!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқавтың Сіздің сайлау барысындағы ерен еңбегіңізді бағалап Алғыс хатпен марапаттағанын көріп ерекше қуандық. Сіздің іскер,беделді басшы екеніңіз баршаға аян. Қазақтың әдеби мұрасын өз елімізде ғана емес,шетелдерде насихаттап, өркениетті елдердің кітапханаларында қазақ әдебиеті әлемін ашып, ұлттың ұлы мұрасын дәріптеп, ұлы даланың рухты қасиетін паш етіп келесіз.


ҚР ҰАК бүгінгі таңдағы жеткен жетістігі Сіз басқарып отырған ұжымның , кәсіби деңгейлері жоғары,бәсекеге қабілетті мамандардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Руханиятқа қосқан өлшеусіз үлесіңізбен қоса қоғамда болып жатқан жаңалықтардан,елеулі оқиғалардан тыс қалмай адамгершілік пен парасаттылықтың үлгісін көрсетіп келесіз.

 

 

Кешегі Түркістан облысы Арыс ауданында болған қайғылы жағдайға арнайы келіп, арыстық әріптестерімізді өз көзіңізбен көріп, нағыз қазақтың қызына тән қайсарлықты көрсетіп сүйеу болдыңыз. Сіздің басу айтқан әрбір сөзіңіз, қамкөңіл кітапханашылардың жігерін жанып, рухын көтерді. Өзіңіздің жүрегіңіз аяушылыққа толып тұрса да, боркеміктік танытпай иығына демеу,арқасына сүйеу болатын жандардың бар екендігін таныттыңыз. Сізді Арыстық әріптестеріміз бауырлас туысы арнайы іздеп келгендей әсерде болды. Алдағы күндеріне нық сеніммен өз үйлеріне оралуға сеп болдыңыз. Ұстанымы берік, өр намысты өзіңіздей жандардың Мемлекет Басшысы тарапынан марапатталуы өңірлердегі кітапханашылардың жеңісі. Алғыс хат құтты болсын !