КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-07-03

«Тиянақты кітапханашы» кәсіби білім жетілдіру сабағы

«Тиянақты кітапханашы» кәсіби білім жетілдіру сабағына келген Сарыағаштық,Келестік,Отырарлық әріптестеріміз өзінің кәсіби маман, белсенді,әмбебап кітапханашы екендіктерін көрсетуде .Кітапханашы тығырықтан шыға білу керек деген оймен тосыннан берілген «Бір өлке-Бір кітап» акциясын және «Жастар жылына» байланысты насихаттау жұмысын көрсетіңіздер деген тапсырмаға кәсіби іс-шара ұйымдастыра білді.


 

 

 

Топтық жұмыста ауылдық,аудандық кітапханашылар бір бірімен тығыз байланыста жұмыс жасап, кітапханалық жұмыс стилін көрсетті. Көрнекі құралдар,слайдтар пайдаланып, залмен қарым-қатынас орнатты. «Талаптылар», «Еліміздің жалынды жастары» деген аттармен өнер көрсеткен өңірлік әріптестеріміз қаламгерлердің шығармаларынан үзінділер оқып, флешмоб көрсетті. Әлемдегі ең әдемі қыз-кітап құшақтаған қыз,- деп мақамы ерекше Мархабат Байғұт ағамыз айтқандай, кітапты аялай құшақтаған кітапханашы қыздарды көріп көзіміз сүйсінді. Кітапханашылар таныстықты нығайтып, әлеуметтік желіде топ ашып,кәсіби байланыс орнатқаны да бізді қатты қуантты. Алдағы істеріңізге сәттілік құрметті Әріптестер!