КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-07-01

Бізге 120 жыл

Мамандығын сүйіп,күнделікті жұмысқа қуанып барған бір бақыт. Шаршағаның ұмыт болады егер бастаған ісің нәтиже берсе. Қолдау көрсететін басшың, демеу болатын әріптес достарың болғанда тіпті өзіңді бақытты сезінесің.


 

Ал биыл бізге 120жыл. Мынау біздің он саусағынан өнері тамған суретші қыз Мақпалдың қолынан көктеп өскен алып Бәйтерек. 120 жылдық бәйтеректің әрбір жапырағы кітапxананың мерей тойын тойлаған қымбатты біздің аудандық әріптестеріміздің мерекелік кештерінен естеліктер. Бұл бәйтерек қыста қарға оранбайды,күзде жапырақтары түспейді. Мәңгілік жасыл ағаш. Мәңгілік кітапxана. 
Ауызбіршілік.Татулық.Қолдау көрсету. 
Міне осы үш ұғыммен облыстық,қалалық,аудандық,ауылдық кітапxаналармен бірлесе қызмет атқарып келеміз. Татулығымыз да Мәңгілік болғай!