КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-07-05

Домбыра – халық мұрасы

«Ұлттық домбыра» күніне орай, кітапхана - Жастар ресурстық орталығында ұлттық құндылығымыз домбыраны дәріптеу мақсатында «Домбыра – халық мұрасы» атты ақпараттық сағат өткізді.


 

Шара барысында қазақ халқының дәстүрлі домбырасының шығу тарихы, жасау жолдары, домбыра өнері – халықтық өнер екендігі жайында ақпарат берілді. Домбыраға байланысты аңыз – әңгіме айтылып, сұрақ – жауап ойыны ойнатылды. «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» тақырыбындағы көрмеге бабалардан аманат болған домбыра мен одан төгілетін күй құдіретін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан күйшілер туралы да, кітаптар таныстырылып, ұсынылды.