КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-09-04

"Арыс Кітапхана Біз біргеміз" Ізгілік кеші

Арыстағы апатқа бүгін тура 71 күн. Сәрсенбінің сәтті күні Арыстық Әріптестерімізді ортаға алып аудандық , қалалық ОКЖ директорлары,әдіскерлері 120 жылдық тарихы бар Пушкин кітапханасында ізгілік кешін өткізді. Қазақта «Қорыққан түбі қуаныш болсын» -деген ғибратты сөз бар.


 

 

Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерден соң билік басындағы іскер,қамқор жандардың, қайырымдылыққа үлес қосқан жомарт жандардың, қарапайым бұқара халықтың арқасында бүгінгі Арыс қаласы жаңарып,жаңғырып жақсы күндерге қадам басты. Кітапханашыларымыздың да көңілдері көтеріңкі, жүздерінде баршаға деген алғыс. Бүгін алғыс айту мен марапат жауған күн болды. ҰАК директоры Ү.Мұңалбаеваның атынан Арысқа көмек көрсету кезінде ерекшеленген кітапхана қызметкерлерін марапаттаған Алғыс хаттар өз иелеріне табыс етілді. Арыстық мәдениет басшылығы өз ауданы тарапынан қала Әкімі, қала Мәслихаты, кітапхана атынан ізгілік кешіне қатысқан кітапхана қызметкерлеріне марапаттарын табыс етті. 
Елдігімізге сын болған апат күндер артта қалып, болашағымыз көлеңкесіз болғай деген ниетпен бір бірімізбен қимай қоштасық.