КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-09-06

АРЫС КІТАПХАНА БІЗ БІРГЕМІЗ

Арыстағы апат күндер қайталанбасын деп тілейміз. 4 қыркүйек 2019 жылы Пушкин кітапханасында өткен ізгілік кешінде сол күндерде Әріптестерін іздеген Түркістан облыстық кітапханашылары арасынан ерекшеленгендері ҚР ҰАК директоры атынан арнайы жіберілген алғыс хаттармен марапатталды.


 

Үмітхан Дәуренбекқызы!
Қиын күндерде біздің өлкеге арнайы келіп, Арыстық кітапханашыларды бауырыңызға басып, жұбату айттыңыз. Қомақты қаржылай көмек көрсеттіңіз.

Азаматтық парызы алдында адалдық көрсеткен қызметкерлердің еңбегін елеп марапаттадыңыз.
Руханият шырақшыларының атқарып отырған қызметін Мемлекет басшысы атап көрсетіп,жолдаудан жылы хабар жеткен сәтте, кітапханашылардың тыныс-тіршілігін әлемдік деңгейде,республика көлемінде дәріптеп жүрген Сізге алғысымыз шексіз. Кемеңгер басшы Қ.К.Тоқаевтың жігер берген жолдауынан соң өзіңіз бастаған кітапханашылар руханиятты насихаттауды көтеріңкі көңілмен, ерекше ықыласпен жалғастыратынына сенімдіміз.
ІСКЕ СӘТ!