КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-09-24

«Жақсының жарқын жолы»

Бүгін мықты қайраткер, білікті ұстаз, ғалым, алғыр публицист, білімді журналист, дарынды ақын, алымды аудармашы һәм әдебиеттанушы, 20-ғасырдағы Қазақстан мен Орта Азияның көрнекті қоғам қайраткері Сұлтанбек.Қожановтың туғанына 125 жыл толуына орай кітапхананың тарихи-өлкетану бөлімі №127 жалпы орта мектебінің 8 сынып оқушыларына «Жақсының жарқын жолы» тақырыбында тарихи сабақ өткізді.


 

 

   Алаш ардақтысының жарқын жолын паш ететін «Ұлтын ұлықтаған қайраткер» атты кітап көрмесі қойылып, слайд ұсынылды. 

   8 сынып оқушылары Мақұлбаева Данагүл,Тұрсынбек Арайлым, Әлібек Айда, Батырша Аружан, Баймаханова Әлмира, Әлібек Сабина қайраткердің шығармашылығынан өлеңдер мен аудармаларын оқыды. Сабақ барысында рухы биік азаматтың ақылдылығы, намысшылдығы, еңбекқорлығы, адамгершілігі, саяси қызметі жайында сөз қозғалып, бүкіл өмірлерін ұлтты, халықты сақтауға, сүюге бағыттаған, ұлтжандылық пен ақыл- ойдың ғажайып үлгісіне, өнегесіне айналған арыстардың есімдерін мақтаныш ету – Тәуелсіздік күрескерлерінің қазіргі буыны үшін қарыз да, парыз екені баса айтылды. 

 

 

 

Тарихи сабағымызды мектептің тарих және география пәнінің мұғалімі Мадиярова Күлайым қорытындылап, оқушыларды Сұлтанбек Қожановтай тұлға болып қалыптасуға шақырды.