КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-11-08

Үнсіздіктің үнін тыңдап...

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Халықаралық Физули сыйлығының иегері, Түркі әлеміне танымал ақын Құрал Көмектің «Үнсіздіктің үнін тыңдап...» кітабының тұсаукесер кеші өтті.


 

Кеш қонақтары мен ақын оқырмандарының толассыз келіп жатуы ақынның «Ақындық миссиясын жақсы түсінетін талантты ақын» екенін дәлелдегендей. Кеш модераторы жазушы Ә.Момбекұлы: Үнсіздіктің үні бола ма?! деген сауалды қоя отырып, жауабын ақынның өлең астарынан табатынын айтты.

 

 

 

Кешті қызықтауға, құттықтауға ақынның замандас, қызметтес ақын- жазушылары, әзілдері жарасқан жақсы- жайсаңдары мен поэзияға жаны құштар ақын оқырмандары келді. Кештің арқауы болған кітаптың тұсауын профессор Б.Ысқақ, жазушы З.Қыстаубайұлы, Ж.Шанин театрының актері М.Шәкіров, ақын Қ.Төретайұлы кесті. Ақын өлеңдеріне жазылған әндері шырқалып, өлеңдерін жастар әсерлетіп оқыды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеш иесі «Мен мақтауға лайық емеспін, елі үшін, жері үшін құрбандыққа барған адам ғана мақтауға лайық» дей отырып, поэзияның құдіреті сол, нағыз жылататын өлең немесе нағыз күлдіре білетін өлең деп, жүрекжарды өз өлеңдерін оқып берді. Ақынның іздегені ізгілік, көздегені адалдық пен жақсылық, шындық екендігінде күмән жоқ!