КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2019-11-08

Түркістан оазисіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер

Бүгін кітапхананың тарихи-өлкетану бөлімі киелі жерлердің ішіндегі жауһары – Түркістан аймағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, Күлтөбе қалашығы туралы, қалашықтан табылған құнды жәдігерлер туралы ақпарат беру мақсатында қаладағы №29 ЖОМ-нің 8 сынып оқушыларына «Түркістан оазисіндегі тарихи-мәдени ескерткіштер» атты сабақ өткізді.


 

 

 

Сабақ барысында жалпы Күлтөбе-Ясы тарихына тоқталып, Күлтөбенің сол уақытта елдіктің ерен қызметін атқарып, «Жеті Жарғы» заңнамалық құжаттың жасалуына түрткі болған қасиетті төбе болғанын, ескі қалашықта жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары жайлы, сондай-ақ болашақта Күлтөбе қалашығы әлемдік музейлерден кем түспейтін археологиялық парк болатыны туралы ақпарат берілді. Сабақты мектептің география пәнінің мұғалімі, «Үздік автор» төсбелгісінің иегері Рахимбаева Жанар Машрапқызы қорытындылап, бізге ыстық алғысын білдірді. Оқушылардың танымы кеңіп, қажетті мәліметтер алып, туған жерді қадірлеп, мақтан тұтуына ықпал еттік деген оймен қайттық.