КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


«БІР ЕЛ – БІР КІТАП»


 

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 2017 жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары

  1. «Бір ел - бір кітап» акциясы. /Тұрақты кітап көрмесі/ 24-ақпан. Оқу залы.      
  2. «Бір ел - бір кітап» акциясы. /Виртуалды көрме/ 27-наурыз. Автоматтандыру бөлімі.
  3. «Торайғыров мұралары.» /Әдеби таныстыру сағаты/ 28-наурыз. Көпшілік іс-шаралар секторы.
  4. «Мен оқыдым ал сен ше?» С.Торайғыровтың шығармалары. /Эстафета/ 20-сәуір. Өнер залы.
  5. «Ағып өткен бір жұлдыз» С.Торайғыровтың өлеңдері. /Буклет/ 10-мамыр. Ақпараттық-библиографиялық бөлімі.
  6. Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам! /Поэзия сағаты/ 12-мамыр. Мерзімді басылымдар залы.
  7. С.Торайғыровтың  шығармалары «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша. /Жылжымалы кітап көрмесі/ Маусым-тамыз. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.
  8. С.Торайғыров – қазақтың ақын – демократы.  /Ақпараттық сағат/ 14-шілде. Шет тілі әдебиеттер бөлімі.
  9. «Терең ойлы ақын» /Мақала/ 8-тамыз. Кітап өңдеу бөлімі.
  10. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы. /Талдау,талқылау/ 15-қыркүйек. Көпшілік іс-шара секторы.
  11. С.Торайғыровтың шығармалары «Бір ел, бір кітап» акциясы бойынша. /Сауалнама/ 5-қазан. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.
  12. Алаш туы астында: Сұлтанмахмұт Торайғыров. /Қорытынды іс-шара/ 25-қазан. Көпшілік іс-шаралар секторы.
  13. Алаш азаматы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. /Мақала/ 26-қазан. Көпшілік іс-шаралар секторы.

 

2016 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы 
Дулат Бабатайұлы таңдалынды

 А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясы   аясында таңдалған  Дулат Бабатайұлының шығармаларына арналған  2016 жылғы іс-шаралар   жоспары.

  1. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  ақпараттық хабарлама. 25  ақпан
  2. «Ұлт рухын оятқан ақын- жырау»  Тұрақты кітап көрмесі. Жыл бойы
  3. Дулат Бабатайұлы «Өсиетнама» шығармасы туралы пікір, ақынның шығармашылығы жайлы тарихи деректер.  «Қазақстан-Шымкент» радиосына ақпараттық хабарлама. 11 сәуір
  4. «Дулат  Бабатайұлы – ерлік жыршысы»   Библиографиялық көрсеткіш. 20 сәуір
  5. «Азаттық жырының ақтаңгері»   Әдеби кеш.  22 сәуір
  6. «Дулаттың дәуірі мен ақындығы»   Мақала.  23 мамыр
  7. «Ерлік жыршысы»   Ақпараттық- папка.  Жыл бойы
  8. «Ұлттың ұлы жыршысы»   Жыл көрмесі. Жыл бойы
  9. «Дуалы ауызды  Дулат ақын»   Көрме, сауалнама жүргізу. 15 қыркүйек
  10.  «Елдік пен еркіндіктің жаршысы»    Талдау – талқылау. 20 қазан

Дулат Бабатайұлы

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.

Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Дулаттың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, “Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.[1]

Шығармашылығы

Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.

2015 жылы «Бір ел - бір кітап» акция бойынша  таңдалған жазушы  Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

 

Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)

    «Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен алатын дара тұлға. Олай деуіміздің бірнеше себептері бар. Қазақ хандығының бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күресі тақырыбына қалам тартты. Қалам тартып қана қойған жоқ, өзінің эпикалық құлашы, халық өмірінің сан алуан қырын кең қамтуы, қазақ тарихының кемеңгер көсемдерінің қайталаңбас бейнесін сомдауы жағынан өзге туындылардан оқ бойы алда тұрған талантты шығармасы - «Көшпенділер» тарихи трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүниежүзінің көптеген халықтарының тіліне аудрылып, әлденеше рет басылған жазушының осы еңбегін хандық дәуірдегі қазақ өмірінің энциклопедиясы десек артық  айтқандық бола қоймас».

Нұрсұлтан Назарбаев

Өмірбаяны

Ілияс Есенберлин (10.01. 1915 жылы туған, қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласында туған) - қазақ жазушысы. 1940 жылы Қазақ таукен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.  1942-47 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947-67 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі, 1967-71 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, 1971 хылдан Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, «Жазушы» баспасын басқарады, т. б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин - жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. 

І.Есенберлин алғашқы шығармалары 1940 жылы басылды. Ол көркем әдебиеттің көп жанрында (поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия) жазды. Әдеби творчествосын поэзиядан бастады. 1945 жылы «Айша», «Сүлтан» поэмаларын жазды. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағын (1949) шығарды. Жалынды революционер, большевик Ә. Майкөтовке арналған «Большевик туралы поэмасын» (1957), «Біржан сал трагедиясы» дастанын (1959) жазды. «Өзен жағасында» (1960), «Толқиды Есіл» (1965) повестері, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971). «Алтын қүс» (1972). «Жанталас» (1973), тың туралы «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары қазақ әдебиетіне (прозаға) косылған елеулі үлес болды. Кеңес өкіметі жылдарында туып қалыптасқан қазақ интеллигенциясының өмірін, олардың қазақ даласында социалистік өнеркәсіп орнату жолындағы қажырлы еңбегін, ескіліктің адам санасындағы қалдығына қарсы күресті баяндайтын «Айқас» романына 1968 жылы Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ал тарихи тақырыпқа жазылған «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» трилогиясы қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдерді суреттеген шығарма ретінде танылды. Ӏлияс Есенберлиннің орыс тілінде шыққан «Песня о человеке» (1956) романы 1958 жылы қытай тіліне аударылады. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы Алматыдағы Балалар мен жасөспірімдер театрында қойылды. М. Ерзинкянмен бірігіп жазған «Қүйма» (1961) киносценарийі бойынша жасалған фильм бүкіл кеңес жөне венгр, поляк, болгар экрандарына шықты.

 Ілияс Есенберлин прозасы түгел дерлік орыс тіліне аударылды. Мысалы, «Айқас» («Схватка», 1968); «Қатерлі өткел» («Опасная переправа», 1970); «Ғашықтар» («Влюбленные», 1970); «Қаһар» («Хан Кене», 1971); «Алмас қылыш» («Заговоренный меч», 1973). «Жанталас» («Отчаяние», 1974), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» («Прикрой своим щитом», 1974) деген атпен басылып шықты. «Ғашықтар» романы өзбек тілінде басылды. I. Есенберлин қырыққа жуық ән мәтінін жазды. Ол К. Д. Ушинскийдің «Әңгімелері мен ертегілерін» (1945), М. Жулявскийдің Вьетнам өміріне арналған «Қызыл дария» (1956) романын қазақ тіліне аударды. Есенберлин Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. 

Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді. 
Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар - ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы - партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.

 «Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі - коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2014 ж.

2014 жылы ел болып оқу үшін Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» және «Басында Үшқараның...» атты шығармалары ең көп дауыс жинап, жыл кітабы болып таңдалды. 

Мұратбековтың «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның...» атты повестерін оқуға, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында өткізілетін шараларға белсене қатысуға шақырамыз.

Cайын Мұратбеков  (1936-2007) 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылыМәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында«Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар  одағында  кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасыныңдиректоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.

1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты.

Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, Әзірбайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.

Аударма саласында Әнуар Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г.Толмачевтің Д.Қонаев, Н.Назарбаев туралы деректі повестерін Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған.

«Тел өскен ұл» (реж. Ш.Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006).

Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын, көркемдік әлемімен баураған жазушының бірі. Жазушының шығармалары орыс, өзбек, татар, украин, белорус, грузин, әзірбайжан, литва, араб тілдерінде жарық көрген.

 

 «БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2013 ж.

2013 жылы халық жаппай оқитын кітап ретінде Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды.

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл) - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист,Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996-2004).

1939 жылы 5 желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, «Октябрьдің 40 жылдығы» қазақ орта мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген.

19661968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер міндетін атқарған.

1968–1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің АқтөбеГурьевОрал облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек еткен.

1970–1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас редакторы, 1978–2000 жылдары «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы болып істеді.

20002004 жж. ҚР мәжілісінің депутаты болды.

2014 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласында ұзақ сырқаттан дүниеден өтті 

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958 жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966 жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

 

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2012 ж.

2012 жылы «Бір ел – бір кітап» акция кітабы болып Оралхан Бокеевтің «Қайдасың, қасқа құлыным» атты повестер мен әңгімелер жинағы анықталды.

 Оралхан Бөкей (28.9.1943 -17.5.1993) — Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен[1].

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда  Үндістан  жерінде,  Делиде  қайтас болды.

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

“Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты,

1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты,

1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

 

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2011 ж.

2011 ж. «Бір е л – бір кітап» акциясы аясында Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы республика көлемінде насихатталды. 

Жүсіпбек Аймауытов (1889 - 1931)  1899 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жүсіпбектің 15 жасқа дейінгі өмірі өз ауылында өтеді. Әкесі Аймауыт балаларын оқып білім алумен қатар, қол өнер кәсібіне де баулыған. Жүсіпбек пен ағасы Ақатты ауылдағы етікші, ағашшы, өрімші сияқты шеберлерге жіберіп, қол өнерге үйретеді. Ән салып, домбыра тартуға баулиды. Осылардың нәтижесінде Жүсіпбек едәуір қол өнер кәсібіне төселеді. Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. Тиіп-қашып әр қилы молдалардың, өз айтуынша, Жүсіп қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан алдын көріп, ескіше білім алады. Содан кейінгі біраз уақытта өзі молдалық құрып,бала оқытады.

  1907 жылы Жүсіпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып, орыс мектебіне түседі. Баянауылда інісі Оспанның  досы Серебрянников дейтін тілмаштың  үйінде жатып оқиды. Баянда бір қыс оқып,екі бөлімін бітіріп, келер жылы Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық школіне барып емтихан тапсырады, бірақ ол  ауыл шаруашылық мектебінде ұзақ оқи алмады. Ауыл шаруашылық школында оқып жүріп, мектеп режімі мен әділетсіздікке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады.Осыдан кейін ауылда бала оқыта жүріп, Баяндағы оқуын жалғастырады.1911 жылы Керекуге келіп, екі класты орыс-қазақ мектебіне орналасып оқуын әрі қарай интернатта жалғастырады. 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1919 жылы бітіріп шығады.            Семинарияны бітірген жылы Жүсіпбек Вера деген қызға үйленеді. Верадан Бекнұр, Жанақ деген балалары болады. Вера кенеттен қайтыс болып, Жүсіпбек қайта үйленуге мәжбүр болады. Екінші рет Евгения Қарабатырқызы Сермұхамедовамен отасады,одан Муза деген қызы дүниеге келеді. 1919 жылы Жүсіпбек Алашордадан бөлініп, Совет өкіметі жағына шығады. Коммунистік партияның қатарына өтеді. Семейде,  Павлодарда партия, совет жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан Советтерінің сьезіне делегат болып қатысады. Содан кейін, Қазақ АССР Халық ағарту комисариатында басшылық қызметте комиссардың орынбасары болып қызмет атқарады.1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, кейін «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі, ал, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында қызмет атқарады. 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры болады. Сонымен қатар ара-тұра сол кездегі саяси науқандарға араласады.

 Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды «өзі пайдаланып кетті» деген жаламен жауыпқа тартылып, артынан ақталады. 1929 жылы «Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар» деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.Қолдан ұйымдастырылған жасанды іс бойынша Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі 1931 жылы, 42 жасында, нағыз творчестволық толысқан кезінде дүниеден өтеді.

Жүсіпбек Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазады. Өлеңдері алғаш 1913 жылы «Қазақ» газетінде басылып шығады.

Жүсіпбек Аймауытов қазақ әдебиеті тарихындағы алғашқы үлкен романшы және драмашы ретінде белгілі. Алайда мұндай жанрларды игеру және оны ұлттық әдебиетке бастаушы болу абыройы жазушыға бірден келген жоқ. Ол оған дейін үлкен әдеби мектептен өту,іздену, өсу кезеңдерін басынан кешірді. Жүсіпбек Аймауытов өзінің алғашқы әдеби тәжірибесін М.Әуезовпен бірге күнделікті баспасөз беттерінде, публистік, журналистік қызметпен қатар бастады.

 1917 жылы –ақ ол Семейде шығатын «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінің белсенді авторларының бірі болды. 1918 жылы М. Әуезовпен «Абай» журналын шығарысты. Жүсіпбектің шығармашылық жолға біржола бет бұрысы революциядан кейін басталады.  Көптеген өлеңдер,газетке арнап мақалалар, көркем өнер үйірмелеріне бір актылы пьесалар жазумен шұғылды. Олар сол кезде Қазақстанда шыққан газет, журналдар бетінде, жеке жинақтарда басылып тұрды.

Жасынан өлең, сөзге құмар Жүсіпбектің шығармашылық жолын өлеңнен бастауы да заңды. 1917 жылы «Сарыарқа» газетінде «Сарыарқаның сәлемі» деген өлеңі басылды.Сол жылы «Алаш» газеттерінде «Жазушыларға», «Отағасы», «Ұршық» атты өлеңдері жарық көрді. 1918 жылы «Абай» журналында «Көшу», «Ұран», «Әскер марсельезасы» жарияланды. Одан кейінгі жылдары «Жәмила», «Тұңғиық түпсіз аспанда», «Ленинге», «Қазақстанның 6 жасқа толған күніне арналған ұран өлең», деген жырлары мен «Нұр күйі» атты поэмасы шықты.

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2009 ж.

2009 жыл «Бір ел – бір кітап» акциясы Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырларына арналып отыр. 

Мағжан-қазақ поэзиясының  Абайдан кейінгі алыбы.  Кезінде Мұхтар Әуезовтің “Мен ең әуелі Мағжанды сүйем. Оның жарқыраған әшекейлігін, еуропалылығын  сүйем. Кейінгіге қалатын сөз – осы Мағжандыкі. Қалғанымыздың бәрінікі күмәнді” деуінің өзі-ақ көп нәрсені аңғартса керек. Ол- нағыз ұлттың, әлеуметтің, халықтың сөзін сөйлейтін ақын.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938 ж.ж.) Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) — қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырды:-басында жарқырай жа нған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері — бұрынғь Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігі.мен адамгершілікті ггарасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай оны бір: сайлауда болыс етіп сайлаган көрінеді. 
   Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге окуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяктайды. Бірақ бұл оку білсем, көрсем деп ілгері ұмтьоға.-жас талапты онша қанағаттандырмайды. Ол оку іздеп, енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оку орнымен пара-пар Медресе-Ғалияға окуға түседі.  Медреседе оқьш жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысь Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашак. ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегіме:-Қазан қаласында Мағжанның “Шолпан” атты түңғыш жинағы жарық көреді, соның акыл- кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі.
    Жастайынан орысша окып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан казақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді. Әуелде лапылдап тұрған сезімін, ынтыға үзіліп түрған махаббатын жастық жалынымен, жандырып жіберердей леппен жеткізуге ұмтылған ол енді бірте-бірте ой есейгендігін танытып, азаматтық лирикаға карай ойысады.  Мұнда да ол зарлы да өкінішті ой-сезімдерін ерекше кұдіретпен, шыңғырған жан даусының куатымен жеткізіп, ішкі мүңы мен ашу-кегін табиғи байланыстырып жібереледі.  Бұл кез оның қазақгың ардакты азаматтары Ахмет Байтұрсынүлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді. Ұстаздарының өнегесі ақын жанының тебіреніс толқынындағы айшықгы өрнегімен көрініс береді. 

“Азамат! Анау қазақ ханым десең, 
 Жұмақтың суын апар, жаным десең
Болмаса, ібіліс бол да у алып бар,
Тоқтатам тұншыктырып қанын десе”. 

Екінің бірі, басқа жол жоқ! Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім селі ширатыла ширығып барып, екпінін баспаған күйі түрікшілдік арнасына құйылады. Халық өлеңдерінің мазмұнымен бірге оның ырғақ үйлесімін, ішкі рухын, әуезділік әсемдігін жанымен қабылдаған ақын кейде ән-күй ғана түсіндіре алатын сезімдерді сөзбен жеткізеді. Мағжанның ақындық ерекшелігі де, бәлкім, осы болар. 

Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын. Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, өрдайым жалпы адамзатқа тән өуенге бой ұрады, табиғаттың өз заңына ғана бағынатын құбылыстың ішкі астарына үңіледі. Дүниені философиялық түрғыдан таниды.

Мағжан "Шолпан", "Сана" журналдары, "Ақ жол" газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады. Білімі толысып, тәжірибесі молайып, кемелді шағына бет алған тарпаң дарынның тағдырына түтқиылдан келіп араласқан Қызыл империяның қызылкөз жевдетгері оның жолын кесіп, түрмеге қамайды. Сөйтіп, 1929 жылдан бастап ақын куғын-сүргінге үшырайды. Әуелі жалған жабылған жаламен он жылға сотталады. Одан М.Горький мен оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен 1936 жылы босатылады да, бір жылдан кейін "Халық жауы" деп қайта сотталып, келесі жылы наурыз айында ату жазасына кесіледі.

 

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2010 ж.

2010 жылы «Бір ел – бір кітап»  акция аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен Қазақпын»  поэмасы  жыл кітабы болып таңдалды.

Жұбан  Молдағалиев (1920ж -1988ж)  1920  жылы  5 – ші  қыркүйекте  Орал  облысының  (қазіргі  Батыс Қазақстан)  Тайпақ  ауданындағы  Жыланды  деген  жерде  дүниеге келген. Руы  Құл.  Әкесі  Молдағали,  анасы   Зеріп. Қаз  тұрып  та үлгермеген  кезінде ,  әкесі  дүниеден  өткен. Анасы  Зеріп  4  баламен  жесір  қалған.  Үш бауыры  да  қаза  болған. Анасы  ғұмырының  тең  жартысын  коммунистік  партиясының  қатарында  өткізіп  дүние  салды. «Жас  кезінде  ақын  атанып,  айтыстарға  түскен  аяулы  анам  кейін  жесір  қалып  күңдік  қамын  кигенде,  сәл  қолы  босай  қалса,  мені  алдына  алып  отырып,  өзінен - өзі  өлеңмен  сыр  шертетін,  шер  тарқататын.  Қазақ  эпосының  көптеген  шығармаларын  жатқа  білетін» - дейді.

Мектеп  есігін 1930  жылы  ашты.  Қызылжар  жұмысшы – шаруа  жастары  мектебі  деп  аталатын.

1940 жылы  Орал ауыл шаруашылығы  техникумын  бітіріп,  1940 – 1947 жж.  Совет  қарулы күштерінің  қатарында  болған. Ұлы  Отан соғысына  қатысқан.  Соғыстың  бірінші  күнінен  ең  ақырғы  күніне  дейін  әскери  журналист  болған. 

1948 – 1952 жж  «Лениншіл  жас» (қазіргі  Жас Алаш) газетінде  бөлім  меңгерушісі,  жауапты хатшы,  редактордың  орынбасары,  1958 – 1963 жж. «Жұлдыз»  журналының  бас редакторы  қызметтерінде  болған.

1953 – 1954 жж  және  1963 – 1971 жж. Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  екінші  хатшысы,  1979 – 1983 жж.  бірінші  хатшысы,  КСРО  Министрлер  Кеңесі  жанындағы  әдебиет,  көркемөнер  және  архитектура  саласындағы  Лениндік  және  Мемлекеттік  сыйлықтар  жөніндегі  комитеттің,  «Новый  мир» журналы  ред – колегиясының және  «Библиотека  поэта»  басылымы  колегиясының мүшесі  болған.  «Ленин  тірі»  атты  алғашқы  өлеңі  Орал  облыстық   «Комсомол  ұрпағы»  газетінде  1939 жылы  басылған.  1949  жылы «Жеңіс  жырлары»  деген  атпен  тұңғыш  өлеңдер  жинағы  шыққан. Содан  бергі  жылдар  ішінде  «Нұрлы  жол»,  «Жыр  туралы  жыр»,  «Ғашық  көзбен»,  «Заман  тынысы»,«Айттым  сәлем»,  «Байқоңыр  баспалдақтары»,  «Ақ  жалын», т.б.  барлығы 60 – тан  астам  кітабы,  әр  кезеңде  қазақ,  орыс  тілдерінде  таңдамалы  шығармаларының  бір  томдығы,  қос  томдығы,  үш  томдығы  жарық  көрді. Өзі  дүниеден  өткеннен кейін  шығармаларының  екі  томдығы  шықты (2000ж).

Өзі  туған    «Жыланды»   жерін  1961  жылы  ғана  көрген.Туған  жылы  аш  жылына  тап  келіп,  ата – анасы  басқа  жерге  көшкен.  Қырық  жылдан  кейін  оралғанда  «Туған  жер»  атты  поэма  дүниеге  келген.

«Ұлтым – қазақ..  Патша  өкіметі  тұсында  саяси  құқығы  болмағаны  былай  тұрсын,  тарихымыз  да  танылмады,  ұлтымыз  да  өз  атымен  аталмады.  Біздің  қырғыз  бауырларымыз  өз  алдына  дербес,  ежелгі  ел бола  тұрса  да,  оларды  өз  атынан  айырмақ  боп,  бізді «қырғыз»  деп  кемсітіп  атады».

«Халқымның  қасіретті  кешегісі  мен  бүгінгі  бақытты  шағы  маған  «Мен  -  қазақпын!»  деген  поэма  жазу  жөнінде  ой  салды».  1964  жылы  жарық  көрді.   Бұл  поэма  Алматы  мен  Москвада  қазақ  және  орыс  тілдерінде  бірнеше  рет  қайталанып  басылып  шықты.

«Мен - қазақпын»  - публицистикалық  поэма.  Мұндағы  айтылмақ  ой – түйін  тасыған  сезіммен,  көтеріңкі  көңілмен  қанаттанған.  Толғау  деуге де,  өмірді  мадақтаған  ода  деуге  де  жарамайды.  Белгілі  бір   сюжет  болмаса  да,  ақын  тарихи  оқиғаны  жырлап  отырғандай  сезіледі,  қаншама  асқақтап,  бай  метафораларды  қару  еткенімен,  өткен  өмірдегі  ащы  шындықты айтып  отырғаны  түсінікті.

«Мен - қазақпын»  поэмасында  қазақ  халқының  ұзақ  жылдарғы  тарихына  шолу  жасап,  дархан  халық  бейнесін  жинақтаған.  Ел  тағдырындағы  кезеңді  оқиғаларды  айта  отырып,  қазақ  халқының  отаршыларға,  басқыншыларға  қарсы  күресін  суреттеді.

«Мен – қазақпын  мың  өліп,  мың  тірілген»  деген  арқау,  қайырма  бүкіл  халықтың  жүздеген  жылдар    бастан       кешірген  мүшкіл  халін  бейнелейді.  Ауыр,  азап  күндер,  шапқыншылық,  өнімсіз,  митың  тіршілік,  белгісі  жоқ  күндер  мен  жылдар  жайы  айтылғандай.

Мен – қазақпын,  ажалсыз  анамын  мен,
 Құрсағыма  сидырар  даланы  мен.
Пәк  сәбимін  бесікте  уілдеген
Дәуірлермен  құрдаспын,  даламын  мен.
Осындай  боп  білмеймін  кімнен  тудым,
Бәлки  қайсақ,  бәлки  бір  гуннен  тудым.
Деп шатыпты  біреулер  «күннен тудым»
 Жоқ,  сірә, мен  қара  құл,  күңнен  тудым.

Лирикалық  шегіністермен  осылай  бүкіл  тарих  белестерінің  әр  кезеңіне  қазіргі  заманнан  баламасын  тауып,  салыстыру  әдісімен  құйыла,  төгіле  айтылатын  жыр  айшықты,  салалы  ой  ұғымымен,  бұрылтпас,  бұлжытпас  теңеу – метафораларымен  оқырманды  баурайды.  Қазіргі  қазақ  елі  күйін  мына  жолдардан  біліп,  көре  аламыз:

Мен  қазақпын,  белдімін,  байтақ  елмін,
Қайта  тудым,  өмірге  қайта  келдім.
Мен  мыңда  бір  тірілдім  мәңгі  өлмеске,
Айта  бергім  келеді,  айта  бергім.

Поэманы  публицистикалық  шығарма  дейтініміз,  ол – мағына  жағынан  терең  шындықты  кесек,  құдіретті  сөздер  күшімен  мойындау,  пайымдауы  мол,   тасып  төгіліп  жатқан  асқақтығы  жағынан  пәрменді,  отты  туынды.  Поэма  дүниеге  келгеннен  кейін  сан  рет  радиомен  де,  концерт  залы  сахнасынан  да  оқылды.

«Жыр  туралы  жыр», «Нұрлы  жол», «Қиял  қанаты», «Дала  дастарханы»,  «Туған  жер», «Айттым  сәлем»,  «Қыран  дала»,  «Сел», «Қызыл  галстук»,  «Жесір  тағдыры»,  «Байқоңыр  баспалдақтары»,басқа  да  поэма, дастандар  шықты.

Көлемді,  ұзақ  жыр  құрауға  машықтанған  ақын  поэмаларын  эпикалық  дәрежеге  дейін  көтерген  немесе  өлеңмен  жазылған  хикаяға  айналдыра  білген. 

1970  жылы  «Кісен  ашқан»  поэмасы үшін  Қазақ  КСР  мемлекеттік  сыйлығына,  1978 жыл  «Қыран  дала»  және  «Сел»  поэмалары  үшін  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығына  ие  болды.  КСРО  Қорғаныс  Министірлігі  сыйлығының  лауреаты  және  А.Фадеев  атындағы  алтын  медальдің  иегері.  Көптеген  шығармалары  ағылшын,  неміс,  француз,  поляк,  испан,  венгр,  араб,  монғол,  словак  және  басқа  шетел  тілдеріне  аударылған.  Көркем  аударма  мен  публицистика  саласына  да  қалам  тартқан.

КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңестің  депутаты  болып  сайланған.  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  мүшесі  болды.  1986  жылы  тоталитарлық   жүйеге  қарсы  шыққан  қазақ  жастарын  қуғын – сүргінге  ұшыратқан  қандықол  колбиндік  озбырлықты  айыптап  сөз  сөйледі.

Ленин  орденімен,  екі  рет  Еңбек  Қызыл  Ту,  екі  рет  2 – ші  дәрежелі  Отан  соғысы, «Құрмет  Белгісі»  ордендерімен,  бірнеше  медальдармен  марапатталған.  1985  жылы «Қазақ  КСР  Халық  жазушысы»  құрметті  атағы  берілді.

 

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2008 ж.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, барлық республикадағы кітапханалардың бастамасымен 2008 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында елімізде екінші рет «Бір ел-бір кітап» акциясын өткізілді
Биылғы жылы жалпы ұлт болып оқуға Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» шығармасы таңдалды. Бұл кітаптың таңдалуының өзінде де терең мағына жатыр Кезінде бұл шығармаға Шыңғыс Айтматов жоғары баға берген.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946),  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы  жерінде  1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп  Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде«Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады.Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушыЖүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және«Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні»әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы»  монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман»  романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әріҚазақ ағарту институтында сабақ берді.

 

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2007 ж.

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2007 жылы ел болып жыл кітабын талқылау үшін Абайдың «Қара сөздері» таңдалған болатын.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

Абайдың қара сөздері көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын,философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.

Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орысқытайфранцуз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Бір ел – бір кітап»  акция аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен Қазақпын»  поэмасы  жыл кітабы болып таңдалды.
Жұбан  Молдағалиев

(1920ж -1988ж)

        1920  жылы  5 – ші  қыркүйекте  Орал  облысының  (қазіргі  Батыс Қазақстан)  Тайпақ  ауданындағы  Жыланды  деген  жерде  дүниеге келген. Руы  Құл.  Әкесі  Молдағали,  анасы   Зеріп. Қаз  тұрып  та үлгермеген  кезінде ,  әкесі  дүниеден  өткен. Анасы  Зеріп  4  баламен  жесір  қалған.  Үш бауыры  да  қаза  болған. Анасы  ғұмырының  тең  жартысын  коммунистік  партиясының  қатарында  өткізіп  дүние  салды. «Жас  кезінде  ақын  атанып,  айтыстарға  түскен  аяулы  анам  кейін  жесір  қалып  күңдік  қамын  кигенде,  сәл  қолы  босай  қалса,  мені  алдына  алып  отырып,  өзінен - өзі  өлеңмен  сыр  шертетін,  шер  тарқататын.  Қазақ  эпосының  көптеген  шығармаларын  жатқа  білетін» - дейді.

        Мектеп  есігін 1930  жылы  ашты.  Қызылжар  жұмысшы – шаруа  жастары  мектебі  деп  аталатын.

        1940 жылы  Орал ауыл шаруашылығы  техникумын  бітіріп,  1940 – 1947 жж.  Совет  қарулы күштерінің  қатарында  болған. Ұлы  Отан соғысына  қатысқан.  Соғыстың  бірінші  күнінен  ең  ақырғы  күніне  дейін  әскери  журналист  болған. 

        1948 – 1952 жж  «Лениншіл  жас» (қазіргі  Жас Алаш) газетінде  бөлім  меңгерушісі,  жауапты хатшы,  редактордың  орынбасары,  1958 – 1963 жж. «Жұлдыз»  журналының  бас редакторы  қызметтерінде  болған.

        1953 – 1954 жж  және  1963 – 1971 жж. Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  екінші  хатшысы,  1979 – 1983 жж.  бірінші  хатшысы,  КСРО  Министрлер  Кеңесі  жанындағы  әдебиет,  көркемөнер  және  архитектура  саласындағы  Лениндік  және  Мемлекеттік  сыйлықтар  жөніндегі  комитеттің,  «Новый  мир» журналы  ред – колегиясының және  «Библиотека  поэта»  басылымы  колегиясының мүшесі  болған.  «Ленин  тірі»  атты  алғашқы  өлеңі  Орал  облыстық   «Комсомол  ұрпағы»  газетінде  1939 жылы  басылған.  1949  жылы  «Жеңіс  жырлары»  деген  атпен  тұңғыш  өлеңдер  жинағы  шыққан. Содан  бергі  жылдар  ішінде  «Нұрлы  жол»«Жыр  туралы  жыр»«Ғашық  көзбен»«Заман  тынысы», «Айттым  сәлем»«Байқоңыр  баспалдақтары»«Ақ  жалын», т.б.  барлығы 60 – тан  астам  кітабы,  әр  кезеңде  қазақ,  орыс  тілдерінде  таңдамалы  шығармаларының  бір  томдығы,  қос  томдығы,  үш  томдығы  жарық  көрді. Өзі  дүниеден  өткеннен кейін  шығармаларының  екі  томдығы  шықты (2000ж).

       Өзі  туған    «Жыланды»   жерін  1961  жылы  ғана  көрген.Туған  жылы  аш  жылына  тап  келіп,  ата – анасы  басқа  жерге  көшкен.  Қырық  жылдан  кейін  оралғанда  «Туған  жер»  атты  поэма  дүниеге  келген.

      «  Ұлтым – қазақ..  Патша  өкіметі  тұсында  саяси  құқығы  болмағаны  былай  тұрсын,  тарихымыз  да  танылмады,  ұлтымыз  да  өз  атымен  аталмады.  Біздің  қырғыз  бауырларымыз  өз  алдына  дербес,  ежелгі  ел бола  тұрса  да,  оларды  өз  атынан  айырмақ  боп,  бізді «қырғыз»  деп  кемсітіп  атады».

      «  Халқымның  қасіретті  кешегісі  мен  бүгінгі  бақытты  шағы  маған  «Мен  -  қазақпын!»  деген  поэма  жазу  жөнінде  ой  салды».  1964  жылы  жарық  көрді.   Бұл  поэма  Алматы  мен  Москвада  қазақ  және  орыс  тілдерінде  бірнеше  рет  қайталанып  басылып  шықты.

         «Мен - қазақпын»  - публицистикалық  поэма.  Мұндағы  айтылмақ  ой – түйін  тасыған  сезіммен,  көтеріңкі  көңілмен  қанаттанған.  Толғау  деуге де,  өмірді  мадақтаған  ода  деуге  де  жарамайды.  Белгілі  бір   сюжет  болмаса  да,  ақын  тарихи  оқиғаны  жырлап  отырғандай  сезіледі,  қаншама  асқақтап,  бай  метафораларды  қару  еткенімен,  өткен  өмірдегі  ащы  шындықты айтып  отырғаны  түсінікті.

        «Мен - қазақпын»  поэмасында  қазақ  халқының  ұзақ  жылдарғы  тарихына  шолу  жасап,  дархан  халық  бейнесін  жинақтаған.  Ел  тағдырындағы  кезеңді  оқиғаларды  айта  отырып,  қазақ  халқының  отаршыларға,  басқыншыларға  қарсы  күресін  суреттеді.

          «Мен – қазақпын  мың  өліп,  мың  тірілген»  деген  арқау,  қайырма  бүкіл  халықтың  жүздеген  жылдар    бастан       кешірген  мүшкіл  халін  бейнелейді.  Ауыр,  азап  күндер,  шапқыншылық,  өнімсіз,  митың  тіршілік,  белгісі  жоқ  күндер  мен  жылдар  жайы  айтылғандай.

Мен – қазақпын,  ажалсыз  анамын  мен,

 Құрсағыма  сидырар  даланы  мен.

Пәк  сәбимін  бесікте  уілдеген

Дәуірлермен  құрдаспын,  даламын  мен.

Осындай  боп  білмеймін  кімнен  тудым,

Бәлки  қайсақ,  бәлки  бір  гуннен  тудым.

Деп шатыпты  біреулер  «күннен тудым»

 Жоқ,  сірә, мен  қара  құл,  күңнен  тудым.

 

     Лирикалық  шегіністермен  осылай  бүкіл  тарих  белестерінің  әр  кезеңіне  қазіргі  заманнан  баламасын  тауып,  салыстыру  әдісімен  құйыла,  төгіле  айтылатын  жыр  айшықты,  салалы  ой  ұғымымен,  бұрылтпас,  бұлжытпас  теңеу – метафораларымен  оқырманды  баурайды.  Қазіргі  қазақ  елі  күйін  мына  жолдардан  біліп,  көре  аламыз:

Мен  қазақпын,  белдімін,  байтақ  елмін,

Қайта  тудым,  өмірге  қайта  келдім.

Мен  мыңда  бір  тірілдім  мәңгі  өлмеске,

Айта  бергім  келеді,  айта  бергім.

     Поэманы  публицистикалық  шығарма  дейтініміз,  ол – мағына  жағынан  терең  шындықты  кесек,  құдіретті  сөздер  күшімен  мойындау,  пайымдауы  мол,   тасып  төгіліп  жатқан  асқақтығы  жағынан  пәрменді,  отты  туынды.  Поэма  дүниеге  келгеннен  кейін  сан  рет  радиомен  де,  концерт  залы  сахнасынан  да  оқылды.

     «Жыр  туралы  жыр», «Нұрлы  жол», «Қиял  қанаты», «Дала  дастарханы»,  «Туған  жер», «Айттым  сәлем»,  «Қыран  дала»,  «Сел», «Қызыл  галстук»,  «Жесір  тағдыры»,  «Байқоңыр  баспалдақтары»,басқа  да  поэма, дастандар  шықты.

      Көлемді,  ұзақ  жыр  құрауға  машықтанған  ақын  поэмаларын  эпикалық  дәрежеге  дейін  көтерген  немесе  өлеңмен  жазылған  хикаяға  айналдыра  білген. 

      1970  жылы  «Кісен  ашқан»  поэмасы үшін  Қазақ  КСР  мемлекеттік  сыйлығына,  1978 жыл  «Қыран  дала»  және  «Сел»  поэмалары  үшін  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығына  ие  болды.  КСРО  Қорғаныс  Министірлігі  сыйлығының  лауреаты  және  А.Фадеев  атындағы  алтын  медальдің  иегері.  Көптеген  шығармалары  ағылшын,  неміс,  француз,  поляк,  испан,  венгр,  араб,  монғол,  словак  және  басқа  шетел  тілдеріне  аударылған.  Көркем  аударма  мен  публицистика  саласына  да  қалам  тартқан.

      КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңестің  депутаты  болып  сайланған.  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің,  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  мүшесі  болды.  1986  жылы  тоталитарлық   жүйеге  қарсы  шыққан  қазақ  жастарын  қуғын – сүргінге  ұшыратқан  қандықол  колбиндік  озбырлықты  айыптап  сөз  сөйледі.

      Ленин  орденімен,  екі  рет  Еңбек  Қызыл  Ту,  екі  рет  2 – ші  дәрежелі  Отан  соғысы,  «Құрмет  Белгісі»  ордендерімен,  бірнеше  медальдармен  марапатталған.  1985  жылы  «Қазақ  КСР  Халық  жазушысы»  құрметті  атағы  берілді.