КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


«БІР ӨЛКЕ – БІР КІТАП»


 «Бір өлке бір кітап» акцияcы

Мәдениет басқармасының және Отырар облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бастамасымен 2014 жылдан бастап, облысымыздағы өз өлкеміздің тұлғаларын, қаламгерлерін насихаттау, шығармаларын дәріптеу үшін «Бір өлке – бір кітап» облыстық акциясы жарияланды.

 

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 2017 жылғы «Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары

  1. «Бір өлке – бір кітап» акциясы. /Тұрақты кітап көрмесі/  1-ақпан. Оқу залы.
  2. Ойы алмас, сөзі тарих – нар тұлға. /Библиографиялық көрсеткіш/ 2-ақпан. Ақпараттық-библиографиялық бөлімі.
  3. Жыл кітабы - «Темірлан» романы. /Акцияны жариялау сәті/  3-ақпан. Көпшілік іс-шаралар секторы.
  4. «Оқырман, назар сал Жыл кітабы!» /Радиосұхбат/ 10-ақпан.  Кітапхананы дамыту бөлімі.
  5. «Қыран тауының қаламгері.» /Ақпараттық сағат/ 10-сәуір. Ақпараттық-библиографиялық бөлімі.
  6. «Тарихтың шыңырауынан шындық іздеген» /Талдау,талқылау/ 10-мамыр. Көпшілік іс-шаралар секторы.
  7. Е. Тұрысовтың «Темірлан» «Бір – өлке, бір кітап» акциясы.  /Жылжымалы кітап көрмесі/  Маусым-Тамыз. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.
  8. Е. Тұрысовтың «Темірлан» «Бір – өлке, бір кітап» акциясы.  /Сауалнама/  10-қазан. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.
  9. «Қаратау тарланы» /Қорытынды іс-шара/ 25-қазан. Көпшілік іс-шаралар секторы.
  10. «Қарт қаратау перзенті» /Мақала/ 26-қазан. Көпшілік іс-шаралар секторы.

 

2016 жылы «Бір өлке – бір кітап» акциясы Оңтүстіктен шыққан халық ақыны Қазанғап Байболұлының шығармаларын насихаттау қолға алынды.

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Бір  өлке-бір кітап» акциясы аясында Қазанқап Байболұлының шығармаларына арналған 2016 жылдың іс-шаралар жоспары

  1. «Қазанқап  мұрасы, ұрпақ қазынасы»   Тұрақты кітап көрмесі.  Жыл бойы
  2. «Ғибратты ғұмыр» Талдау, талқылау.  28 қаңтар
  3. «Алатаудың ақиығы» «Қазақстан-Шымкент» радиосы, ақпараттық  хабарлама.  Ақпан
  4. «Қазанқап мұрасы-ұрпақ қазынасы» Талдау ,  талқылау.  23 ақпан
  5. «Ақыннан қалған ақыл сөз» Библиографиялық көрсеткіш.  23 ақпан
  6. «Ақыннан қалған ақыл сөз» Мақала «Алтын қазына». Ақпан
  7. «Сарқылмас қазына» Слайд-шолу. 23    ақпан
  8.  «Тарихи тұлғаларды танытқан жыршы-Қазанқап»  Ақпараттық-папка.  Жыл бойы
  9. «Марғасқа жырау» Жыр қазына. 21 қазан

Қазанғап Байболұлы

(1891, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ұзынарық ауылы – 1945, сонда) – халық ақыны. Сайрам мен Шымкент медресесінде білім алған, жәдиттік бағытта бала оқытып, ұстаздық еткен. Жасынан ел ақындарын тыңдап, ауыз әдебиет үлгілерін бойына сіңіріп өскен. Ақындық суырып салма өнеріне жетілу барысында жыршылық жолына түсіп, қисса-дастандарды жатқа айтқан. 1934 ж. халық ақыны ретінде Қазақстан жазушыларының тұңғыш съезіне қатысқан. Осы жылдардан бастап баспасөз бетінде Қазанғап өлеңдері жиі басылып тұрды. Қазанғап “Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Төле бидің тарихы”, “Өкірек найман туралы” деп аталатын тарихи жырлар мен “Сайыпжамал сұлу”, “Шеризат-Күлшат” тәрізді махаббат дастандарын жырлап, ел ішіне кеңінен насихаттаған. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазанғап қамыққан елді жырымен демеп, рух беруші үгітші ақындардың алдыңғы сапында болды. 1943 ж. Алматыда өткен ақындар айтысында Нартай Бекежановпен ақындық өнер жарыстырған өлең жолдары “Айтыс” жинағының 3 томында (1996) басылым көрді. Қазанғап ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, Қазақстан ҒА-на тапсырған. Ақынның толғау өлеңдері “Халық ақындары” (1953), “Пернедегі термелер” (1965), т.б. атпен жарық көрген. Тарихшы ғалымдар Қазанғаптың жадылық қуатын білу мақсатында арнайы зертеу жасап, “Еңсегей бойлы ер Есім” атты 152 беттік дас­танынан 140 адам есімдері мен рулық-тайпалық атауларды, барлығы 256 жалқы есімді, “Төле бидің тарихы” атты 145 беттік дастанынан тиісінше 381 және 100, барлығы 481 жалқы есімді тапқан. Сонда 297 беттік екі дастанда 737 жалқы есім кездеседі екен. Дерекке бай болуы қиын поэзиялық шы­ғарма үшін бұл ерекше көрсеткіш. Мұның өзі Қазанғаптың дүниета­нымы мен ой өрісінің кеңдігін, есте сақтау қабілетінің мықтылығын көрсететін мысал. Қазанғап жалпы өз өмі­рінде көлемді 8 шығарма жазған. Оның бәрін дерлік уақытында тиісті орындарға қолжазба күйінде тапсырып отырған. Атап айтсақ: “Орта жүз Дауанасбай Өкірік Найман” дастанын 1934 жылы, “Египет ханы Абдулланың қызы Сайыпжамал” дас­танын 1934 жылы, “Шеризат Күлшат” дастанын 1938 жылы, “Төрт дәруіш” дастанын 1939 жылы, "Орқа-Күлше" дастанын 1939 жылы, “Төле бидің тарихы” дастанын 1941 жылы, “Ең­се­гей бойлы ер Есім” дастанын 1941 жылы, ал ““Қарсы­бай батыр” дастанын 1943 жылы ғылыми орталық кітапхана қорына тапсырған. Әлі де ұрпақтарында жарияланбаған көптеген өлеңі мен тарихи жырлары бар. Қазанғап ақынның қазір де көптеген тарихшы ғалымдардың терең зерттеуін қажет ететін шығармалары жетерлік.

 

2015 жылы «Бір өлке – бір кітап» акциясы Оңтүстіктен шыққан ақын, жазушы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау қолға алынды.

Тәкен Әлімқұлов

(Тәңірберген) (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауылы – 13.4.1987, Алматы) – ақын, жазушы, әдебиет сыншысы. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген. (1953). 1936 – 1945 жылдары Шымкент қорғасын зауытында, Донецк облысында жұмыс істеді. 1945 – 1974 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарды. 1974 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыспен айналысты. Шығармалары 1945 жылдан жариялана бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сапар» 1950 жылы жарық көрді. «Жазғы жаңбыр» (1964), «Қаратау өрнектері», «Туған ауылда» (1968), «Боз жорға» (1969), «Күрең өзен» (1971), «Кертолғау» (1973, 1990), «Шежірелі сахара» (1976), «Көкек айы» (1982) атты әңгімелер мен повестер жинағы, «Ақ боз ат» (1962, орыс тілінде 1968), «Тұлпардың тағдыры» (1975), «Ел мен жер» (1978), «Замана екпіні» (1982) романдары шықты. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Абай Құнанбаев туралы «Жұмбақ жан» (1978) атты зерттеу еңбегін жазды. «Өткен мен қазіргі» (1958), «Көк қаршыға» (1972), «Бар өмір алда» (1974), «Сырлы наз» (1984) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. М.Ю. Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасын (1951), П.Павленконың «Бақыт» (1950), Г.Николаеваның «Орақ үстінде» (1952) романдарын, Э.Сент-Экзюперидің «Кішкентай шаһзада» ертегісін, сондай-ақ А.С. Пушкиннің, В.В. Маяковскийдің, Г.Низамидің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

 

2014 жылы алғаш рет Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай «Менің құрдастарым» шығармашылығы таңдалып, осы орайда, облысымыздағы  барлық кітапханалар Саттар Ерубаевтың шығармаларын көпшілік қауымға насихаттау.

Саттар Асқарұлы Ерубаев

(1914-1937) - қазақ әдебиетінің аспанына жарқ етіп көтеріліп, бірақ лезде жалт етіп ағып түскен жұлдыздарының бірі, өмір дегенде өксігін баса алмай, өнерінің барлық гүлін аша алмай арманда кеткен жас талант Саттар Асқарұлы Ерубаев қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында 1914 жылы дүниеге келген. Ауыл балалары сияқты молданың солқылдаған көк шыбығына көнбестен Саттар Түркістандағы бастауыш мектепке ашып кетеді. Мұны бітіргеннен соң жетіжылдық орыс мектебінде оқып, оны үздік аяқтап шығады.

 

  • 1930-шы жылы Саттардың белсенді комсомол мүшесі және зейінді жас екені ескеріліп, жоғары оқу орындарына даярланатын Алматыдағы дайындық курсына жіберіледі. Сол жылы ол Қазақстан оқу Комиссариатының арнайы жолдамасымен Ленинград тарих, философия және лингвистика институтына түседі.
  • Институтты Саттар 1933 жылы үздік бағамен бітіріп шықты. Ол дипломдық жұмысын өте жақсы қорғайды және және осы еңбегі үшін бәйге алады. Сөйтіп, бұл жұмыс баспасөз бетінде жариялансын деген қаулы шығарылады. Ұстаздарының ұсыныстары бойынша Ерубаев аспирантураға қалдырылған екен. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитеті арнайы жеделхат жолдап, Ерубаевты шұғыл түрде Қазақстанға шақыртады. Осыған байланысты Саттар, оқуын қалдырып, елге оралады.
  • Алматыда Саттар 1933-1934 жылдары "Ленинская смена" газеті әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, "Лениншіл жас" газеті редакторы; мәдениетте 1934 жылы бірер ай музыка театрының директоры; білім беру саласында 1933-1934 жылдары Жоғары ауыл шаруашылық мектебінде философия кафедрасының ұстазы қызметтер атқарды.
  • 1934-1935 жылдары қалалық «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі облысы «Орталық Қазақстан», газеті) редакторының орынбасары.
  • 1935 жылдың жазында Ерубаев Ленинград университетінің аспирантурасына түседі. Бірақ мендеп кеткен өкпе ауруы оған бар болғаны бір-ақ жыл оқуға мүмкіндік береді. Осыдан соң Саттар Алматыға қайтуға мәжбүр болады. Мұнда ол 1936-1937 жылдары Қазақстан педагогикалық институтына қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясынан лекциялар окиды.
  • Бірақ бойын әбден мендеп алған ауыр дерт Саттарды 1937 жылдың екінші маусымында Алматы қаласындағы Турксиб ауруханасында көз жұмғызды. Онда ол бар болғаны 24 жаста еді.