КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ


Кітап қорлары

А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік К,азақстаи облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы барлық оқырмандар категориясы үшін ақпараттық, білім беретін, бос уақытты ұйымдастырушы және коммуникативті орталығы болып саналады. Сондықтан құрамына кітаптар, брошюралар, мерзіміді басылымдармен ақпаратты электронды тасымалдаулар енетін әмбебап қор қалыптасқан. Бұлар классикалық   әлем және қазіргі кездегі көркем (отандық жәнешетелдік)әдебиеттер, салалық және анықтамалық басылымдар.

Кітапхананың бүгінгі таңдағы негізгі басымдылығы Қазақстанда басып   шығарылған   және Қазақстанның   тарихы, табиғаты, географиясы, сондай-ақ өндірісте-7.1, экономикадағы, қоғамы мен мәдениеттегі жетістіктері жайлы ақпараттар жинау болып табылады.

Негізгі қорды сақтау бөлімінде кіпапханаңың құнды және сирек кездесетін басылымдар, кітапханаға ерте кезде келіп түскен барлық басылымдардың жалғыз данасы, 30 жыл бұрынғы журналдар мен газеттер қоры жинақталған.

 

Пайдаланушылар мен қызмет көрсетулер

А..С Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы барлық оқырман   категорияларына   арналған көпшілік кітапхана болып табылады. Оның негізгі   бөлігін:   қызметкерлер, студенттер, оқытушылар, жұмысшылар мен  зейнеткерлер құрайды.

Кітапхананы ұжымдық пайдаланушыларға  қаладағы   мекемелер мен өндірістер, жоғары оқу орындары және колледж кітапханалары арасындағы келісім шарт пен көпшілік іс шаралар   өткізу   негізінде құрылатын жоспар   бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кітапхана қабырғасында байқаулар, турнирлер, кездесулер, кітапкөрмелеріне тұсау кесер рәсімдері өткізіліп тұрады.

Кітапхананың ең белсенді оқырмандары үшін:

«Мәңгілік ел» таным-тағлым әдеби-мәдени шығармашылық бірлестігі; 

«Асыл мұралар» клубы;

«Сырласу-Альманах» клубы;

«Әдеби кештер» салоны;

«Заңгер» клубы;

«Глобус» клубы;

«Хит сезона» клубтары жұмыс жасайды.

Кітапхана қызметін қаланың әрбір тұрғыны пайдалана алады.