КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


КІТАПХАНАНЫ ДАМЫТУ БӨЛІМІ


Жалпы ережелері

  1. Кітапханаларды дамыту бөлімі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады,  директор мен ғылыми жұмыс жөніндегі директор орынбасарының басшылығымен жұмыс атқарады және оның құзырына қарайды.
    1. Бөлім өз қызметінде ҚР «Мәдениет туралы Заңы», ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  «ҚР кітапхана қызметін пайдалану» Ережесі, ҚРҰАҚ, Түркістан облысы мәдениет басқармасының бұйрықтары, жарлықтары және басқа да басшылық етуші құжаттарды, А.С.Пушкин атындағы  облыстық кітапхана жарлығын, директордың бұйрықтары мен өкімдерін, кітапхананың жұмыс кестесін, осы ережені және әрекеттегі заң актілерін басшылыққа ала отырып, жұмыс атқарады.
    2. Бөлім кітапхананың құрылымдық бөлімшелерімен және облыс кітапханаларымен өзара әрекетте  алға қойған міндеттерді  жүзеге асырады.    

ІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері

2.1.      Өзгеріп отыратын әлеуметтік – экономикалық жағдайда кітапхана жұмысын бағдарлауға, маркетиниг негізінде басымдылық бағыттарды дамытуға мүмкіндік туғызады.

2.2.      Бөлім өңір халқына кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету жағдайына талдау жүргізеді, оны жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді, жалпылама материалдар дайындау.

2.3.     Бөлім облыс кітапханаларына маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады және инновациялық әдістерді жұмыс практикасына енгізеді.

2.4.      Түркістан облысы көлеміндегі кітапханалардың жағдайын бақылауда ұстап, әдістемелік орталық ретінде көмек, кеңестер беріп отырады;

2.5.      Облыс кітапханаларының  жұмысын үйлестіру, кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру бағытында тиісті шараларды ұйымдастырады.

2.6.      Кітапхана ісін дамыту, кітапты насихаттау бағытында  материалдар жинақтап, Халықаралық, Республикалық кітапханалар ассоциациясына ұсыныстар жіберу, пікір білдіру.

2.7.     Кітапхана тәжірибесіне ең жаңа жетістіктерді, озық тәжірибені, нәтижелерді енгізіп, түсініріп таратады, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін өңдеп шығарады.

2.8.     Кітапхананың таратымды бейнесін қалыптастыруда, кітапхананың дамуына көмек көрсете алатын құрылымдар, қорлар, ұйымдардың назарын аударуда көмек береді.

ІІІ. Бөлімнің атқаратын негізгі қызметі

3.1.    Түркістан облысы бойынша кітапхана қызметіне талдау, мониторингтік қызмет жасап,    жоғары құзырлы мекемелерге толық мәліметтерді тапсырып отырады (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚРҰАҚ, ОМБ, Облыстық статистика басқармасы т.б)

3.2. Облыс кітапханалардың қызметіне байланысты тәжірибелік және ғылыми- әдістемелік міндеттердің барлық жиынтығын жүзеге асырады.

 

3.3.    Облыс көлеміндегі кітапханалық жұмысты теориялық және тәжірибелік мәселелермен республикалық және аймақтық конференциялар, семинарлар, кеңестік, пікіралмасулар, тренингтер өткізеді.

3.4.    Кітапхана және облыс көлеміндегі кітапханалар қызметіне тұрғындардың сұраныс нарығын ескере отырып, қызметті  жүзеге асыру, сұранысты қанағаттандыруға бағытталған ұсыныстарды өңдеу.

3.5.    Кітапханалық – ақпарттық ықпал етудің потенциалды ортасын, кітапхана қызметіне қоғамның құқықты мүшесі мен заңды құқығы бар адамдардың талаптарын  талдау.

3.6.    Ақпарттық қызмет пен кітапханалық өнімдерге жобалық, бағдарламалық қызметті өңдеу.

3.7.    Кітапханалық – ақпарттық қызметті  көтеру, сұранымды ынталандыру, ғылыми – зерттеу ісін ұйымдастыру.

3.8.    Өзара тиімді байланыстар орнату, серіктестік демеушілер, пайдаланушылар, ынтымақтастықтың әр түрлі әдістерін іздестіру.

 3.9.   А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың және облыс көлеміндегі кітапханалардың тартымды бейнесін құру мен қоғамдармен байланысты орнату мақсатында ассоциациялар, қорлар, құрылымдар және басқа ұйымдар өткізетін іс – шараларға қатысу.

3.10.  Кітапхана жұмысын ұйымдастырудағы жекеленген мәселелер бойынша   әдістемелік,        әдістемелік – библиографиялық құралдар, көрсеткіштер, ұсыныстар мен нұсқаулар сонымен қатар жинақтар әзірлейді, өңдеп шығарады.

  ІV.  Бөлімдегі  басқару және жұмысты ұйымдастыру

5.1.      Бөлімді болашақтық және жылдық жоспарлар негізінде жұмысты ұйымдастырып отыратын меңгеруші басқарады, оның қызметін ұйымдастыру мен мазмұнына толық жауап береді.

5.2.      Бөлім қызметкерлердің міндеттері  бөлім меңгерушісі ұсынып, кітапхана директоры бекіткен  қызметтік   нұсқаулармен  анықталады.

5.3.      Бөлім жұмысы кітапхана жұмысының жалпы жоспары, бөлім жұмысының жылдық және тоқсандық жоспарлары негізінде құрылады.

5.4.      Бөлім кітапхана директорына тікелей бағынады.

5.5.     Бөлімнің жұмыс тәртібі кітапхана жұмысының жұмыс тәртібімен анықталады.