КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР ЗАЛЫ


Жалпы Ереже

  1.  Мерзімді басылымдар қоры кітапхананың көпсаласы қорының бір бөлігі болып табылады.
  2.  Мерзімді басылымдар қорының сақталымына жауапкершілік сектор меңгерушісі мен қызметкерлеріне жүктеледі.
  3. Сектор өз қызметінде заң актілеріне : бұйрықтарға, тапсырмаларға және басқа да басшылық құжаттарға, А.С.Пушкин атындағы Түркістан  ОӘҒК- ның  Жарғысына, кітапхана директорының бұйрықтары мен тапсырмаларына, осы Ережені басшылыққа отырып жұмыс атқарады.
  4.  Мерзімді басылымдар секторы мерзімді басылымдарды ұйымдастыру, сақтау және пайдаланушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
  5. Мерзімді басылымдарды насихаттау жұмысын жүргізеді.

 

Жұмыс мазмұны

  1.  Мерзімді басылымдарды насихаттауды ұйымдастыру.
  2.  Мерзімді басылымдар қорын пайдалану мен құрамын зерттеу.
  3. Тақырыптық көрмелерді, қарауларды безендіреді, көпшілік іс-шараларға қатысады.
  4.  Жаңа басылымдар көрмесін ұйымдастыру.
  5.  Мерзімді басылымдар қорындағы көрнекілік құралдарын безендіреді.
  6.  Пайдаланушыларға кітапханалық–библиографиялық білімді насихаттауда, оқу мәдениетіне тартуда көмек көрсетеді.
  7.  Мерзімді басылымдар қорын бейнелейтін кітапхананың АБА-тын (карточкалы және электронды) насихаттау.
  8.  Шет елдегі және еліміздегі кітапханалардың мерзімді басылымдар қорын  ұйымдастыру және пайдалану бойынша іс-тәжірибені оқып білу және өз ісіне енгізу.

Жұмысты ұйымдастыру.

  1.  Мерзімді басылымдар секторы оқырмандарға қызмет көрсету құрамына кіреді және кітапхана директорына бағынады.
  2.  Сектор өз қызметін жылдық, тоқсандық және айлық жұмыс жоспары негізінде ұйымдастырады.