КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


НЕГІЗГІ ҚОРЛАРДЫ САҚТАУ БӨЛІМІ


І. Жалпы ереже

1.1 Негізгі кітап қорын сақтау бөлімі   - өз алдына кітапхананың ғылыми-өндіріс құрылымы бөлімшесі болып саналады және тікелей директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарына бағынады.

1.2 Бөлім А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның негізгі қорын ұйымдастыру, сақтау және қолдануын іске асырады.

1.3. Бөлім өз жұмысында ҚР заңдарына, кітапхана Ережесіне, осы берілген ережеге және қосымша қорды қалыптастыруға үлес қосатын кітапхана құрылым бөлімшелерінің жұмыстарына сүйене отырып қызмет жасайды.

ІІ. Негізгі міндеттер

2.1. Негізгі кітап қорын ұйымдастыру, сақтау және оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдеріне қолдануға беру.

2.2. Қорын ұйымдастыру және сақтау жөніндегі ғылыми мәселелерді жете зерттеуге қатысу.

2.3. Қорын ұйымдастыру және сақтау жөніндегі кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету.

ІІІ. Жұмыстың мазмұны

3.1. Өңдеу және каталогты ұйымдастыру бөлімінен әдебиеттерді қабылдап  кітапхананың бөлімдеріне қосымша қорды ұйымдастыруда ұзақ уақыт қолдануға беріледі.

3.2. Негізгі қордан оқырмандар пайдалануы үшін қордың сақталуын қамтамасыз етіп ұйымдастырып, оны ұтымды орналастырылады.

3.3.Оқырмандараға қызмет көрсету бөлімдерінің оқырмандар сұранымы бойынша кітап іріктелініп беріледі.

3.4. Кітаптың сақталуын бақылау үшін берілген басылымдарға талаптар индикаторы жүргізіледі.

3.5. Жүйелі түрде жоспар бойынша кітапхана бөлімдерінің қосымша қорын тексереді.

3.6. Негізгі сақталынатын қорды толықтыруға қатысады: бөлімнің қорын зерттеп қоладнуын бақылайды, басылымдардың жоспарын қарап шығады, орындалмаған сұранымдар мен жұмыс жасайды, мазмұны ескірген, көнерген және данасы көп керексіз кітаптар есептен шығарылады.

3.7. Әдебиеттердің сақталу тәртібін қатаң сақтайды. Кемшіліктерді және оқырмандар бүлдірген даналарды дер кезінде анықтап түптеуге береді.

3.8. Негізгі қорда сақталынатын басылымдарды насихаттап, көрмелік жұмыстарға қатысады.

3.9. Жұмыс бағыты бойынша нұсқау – әдістемелік құжаттар дайындалады. Қорды ұйымдастыру, сақтау және зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оны кітапханаларда қолдануын ұйымдастырады.

3.10. Кәсіби бағыт бойынша кадрлар дәрежесін көтеру жөніндегі жұмыстарға қатысады.

3.11. Сақтау  қорының санитарлық-гигиеналық режимі: айына бір рет тазалық күні ұйымдастырылады.

ІҮ. Жұмысты ұйымдастыру және басқару

4.1.Бөлім басқаруды  бөлім меңгерушісі жүргізеді, бөлімнің жұмысы мен мазмұны ұйымдастыруды толық жауапкершілігіне алады.

4.2. Еңбек заңына байланысты бөлім қызметкерін кітапхана директоры өзі қабылдап, өзі жұмыстан босатады.

4.3. Әрдайым жұмыстағы кемшіліктерді анықтап, оларды жою жөнінде шара қолданылады.

4.4. Бөлім меңгерушісі құрастырған бөлімінің жылдық және мерзімдік жұмыс жоспары мен есебін ғылыми жұмыс жөніндегі директор орынбасары бекітеді.

4.5. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері кітапхана директоры бекіткен қызметкерлер нұсқауы бойынша құрастырылды.