КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ӨНЕР БОЙЫНША ӘДЕБИЕТ СЕКТОРЫ


Өнер бойынша әдебиет секторы

 

I. Жалпы ереже

1. Өнер залы кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Сектор директорға бағынады жэне кітапхананың жүмыстары бойынша тікелей директордың орынбасары жетекшілік етеді.

3. Сектор қызметінде қазіргі күші бар зандар, актілер, бұйрықтар, жарлықтар, А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының жарғысы, директордың бұйрықтары, жарлықтары, кітапхананың ішкі еңбек тәртіп ережелері басшылыққа алынады.

4. Секторда оқырмандарға қызмет көрсету тәртібі А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының пайдалану ережелерімен анықталады.

5. Сектор қызметін пайдалану тегін.

  1. Сектордың негізгі міндеттері
  1.  Оқырмандарға жылдам қызмет көрсету ең алдымен жастарға, олардың сұранымын, қызығушылығын, қажеттілігін керекті эдебиеттермен, сондай-ақ жастары мен әлеуметтік ерекшеліктеріне қарай кітапханалық- библиографиялық қызмет көрсету.
  2.  Оқырмандардың жүйелі білім алуына, ұлттық жэне әлем мәдениетінің құндылығын бағалай білуге, салауатты өмір сүруге, әлеуметтік жағдайға байланысты бейімделуге ықпал ету. Оқырмандар арасында ағымдағы оқулықтарды, ғылыми-танымдық және елтану әдебиеттерін, қазақ, орыс және шетел әдебиеттерінің таңдаулыларынан, өнер жайындағы материалдарды насихаттау.
  3. Кітапхана жанынан құрылған «Ұлттық эдебиеттер орталығының» кітаптар мен дискілер, журналдар қорын насихаттау. Әртүрлі ұлт өкілдерінен түратын кітапхана пайдаланушыларының санын арттыру.
  4.  Өнер секторының залында ашылған «Шәмші әлемі» , Қазақ өнерінің дара тұлғалары» бұрыштарындағы жәдігерлерін сақтап, кітаптар мен журналдар қорын насихаттап, іс-шаралар ұйымдастыру.
  5. Жастармен жекеаралық қатынастарды ұлғайту, бос уақыттарын тиімді және қызықты өткізу шараларын ұйымдастыруға қатысу.
  1. Сектордың негізгі міндеттері мен жұмыстарының мазмұны
  1. Өнер залы секторының оқырмандар контингентін қалыптастыру, мектеп, гимназия, лицей, политехникалық мектеп оқушыларын, арнаулы орта жэне ЖОО студенттері, жастарға тәрбие, білім беру саласындағы, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануымен шұғылданатын қызметтегілерді кітапханаға тарту.
  2.  Оқырмандарды тіркеу (қайта тіркеу), оларға тиісті құжаттарды толтыру, А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК-нің пайдалану ережесімен кітапханалық қызметтің барлық түрімен, кітапхана қорын сақтау жауапкершілігімен таныстыру.
  3.  Оқырман құрамын, олардың қажеттілігі мен қызығушылығын, ынтасын зерттеу. Пайдаланушының дифференциясын және жоғары мәдениетпен қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
  4.  Оқырмандардың өнер залының қосалқы қорымен, сондай-ақ кітап сақтау бөлімінің жэне ақпаратты-библиографиялық бөлім қорларынан өнер туралы әдебиеттер таңдап алуға жэне пайдалануға мүмкіншілік жасау, қажетті әдебиеттерге берген сұранысын қанағаттандыру.
  5.  Күнделікті оқырмандардың келуін және кітап берілуін жұмыс күнделігінде есепке алу. Осы мәліметтерді айлық жоспарлауда талдау жасау және кітапхана директорына мэлімдеу.
  6.  Пайдаланушы жекелеген оқырмандарды оқу мэдениетіне тәрбиелеу және олардың арасында кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттау.
  7.  Жүйелі түрде пайдаланылмайтын (профилсіз), көп даналы, әдеби мазмұны бойынша ескірген, жыртылған және тозған басылымдарды тауып іріктеу, оларды кітап сақтау бөліміне, қайта түптеуге, жөндеуге өткізу немесе кітапхана қорынан шығаруға беру.
  8.  Оқырмандардан (толықтыру және өндеу бөлімінің келісімімен) жоғалған кітап орнына басқа кітап қабылдау немесе жыртылған басылымға бағасы бірдей әдебиет қабылдау жэне осыған сәйкес қүжаттарды толтыру.
  9.  Сектордың қосалқы қорын ұйымдастыру. Жаңадан алынған кітаптар мен оқырмандардан қабылданған кітаптарды өз уақытында қорға орналастыру, қордың дұрыс орналасқанын жүйелі түрде тексеріп тұру, стеллаждар мен кітап сөрелерді бөлгіштермен, тақырыптармен және басқа да түсініктемелік тақырыптармен безендіру, кітаптарды шаңнан тазартып отыру.
  10.  Жаңа түскен кітаптардан көрмелер, тақырыптық көрнекті кітап көрмелерін, беташар және шолу жасау арқылы кітапхана қорын ашу.
  11.  Жоғарғы оқу орындарымен, өнер және мәдениет мекемелерімен, көпшілік ақпарат кұралдарымен, жастар ұйымдарымен байланыс жасау. Олармен шығармашылық қарым-қатынаста жұмыс істеу келісім шарттарын дайындау
  12.  Өнер жайындағы әдебиеттер секторында оқырмандарды бірлестіру жұмыстарын ұйымдастыру. Оқу залы секторында белсенді оқырмандармен қатынас жасау, оларды көпшілік шараларға тарту.
  13. Жаңа кітапханалық тәжірибелер мен технологияларды пайдалана отырып оқырмандарға қызмет көрсетуді жақсарту. Жастармен кітапханалық жұмыстарды жүргізудің тиімді тәсілдерін, әдістерін жасауға қатынасу.

IV. Сектор жүмыстарын ұйымдастыру

  1.  Өнер залы секторын кітапхана директоры тағайындап және босататын бөлім меңгерушісі басқарады.
  2.  Меңгеруші сектордың барлық жұмыстарын басқарады: жоспарлар мен есеп беру жұмыстарын құрады, осы ереже анықтаған тапсырмалар мен міндеттерді қызметкерлердің орындауларын, жұмыстың мазмұны мен сапасына, қызметкерлердің жұмыс уақытын тиімді пайдалануына жауапты қызмет атқарады. Сектор меңгерушісі қызметіне байланысты А.С.Пушкин атындағы ТОӘҒК директоры кеңесіне кіреді, ғылыми әдістемелік кеңестің мүшесі болып табылады.
  3.  Сектор қызметкерлерін қызметтеріне тағайындау немесе босату сектор меңгерушісінің ұсынысымен кітапхана директоры жүзеге асырады.
  4.  Сектор жүмысы кітапхананың жалпы жоспары негізінде құрылады. Сектордың жоспары мен есептерін кітапхана директоры бекітеді.
  5.  Сектор қызметкерлерінің жауапкершіліктері:
  • жүмыс жоспарын, директордың бұйрықтары мен жарлықтарын, және лауазымдық міндеттерін орындауға;
  •  жұмысы жөнінде өз уақытында есеп беруге жэне есептің дүрыстығына;

оқырмандарға жоғары мәдениеттілікпен қызмет көрсетуге, олардың сұраныстарын толық қамтамасыз етуге;

  •  үнемі өзінің кәсіби және жеке басының мәдениетінің деңгейін арттыруға;
  •  сектордың қосалқы қорын, көрмедегі ктаптардың, кітапхана жабдықтары мен басқа да заттардың сақталуы мен толықтырылуына;
  •  еңбекті ұйымдастыруға, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға;
  •  сектордағы техникалық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігін сақтауға.