КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ ӘДЕБИЕТТЕР БӨЛІМІ


Жалпы ережелер

1.1. Тарихи-өлкетану бөлімі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, бөлім арқылы пайдаланушыларға өлкетануға байланысты бағыт-бағдар береді.

1.2. Тарихи-өлкетану бөлімі директорға бағынып, директордың кітапхана жұмысы бойынша орынбасары арқылы тікелей бақыланады.

1.3. Тарихи-өлкетану бөлімі өз қызметінде заң актілеріне: бұйрықтарға, тапсырмаларға және басқа да басшылық құжаттарға, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Жарғысына, кітапхана директорының бұйрықтарымен тапсырмаларына, осы Ережені басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

1.4. Тарихи-өлкетану бөлімде пайдаланушыларға  қызмет көрсету тәртібі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананы пайдалану Ережесіне сүйене отырып жүзеге асырылады.

 

Бөлімнің негізгі бағыттары

  1.  Өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асыру.
  2.  Баспа, мұрағат, мұражаймен және авторлармен жұмыс жүргізу арқылы өлкетану құжаттарын анықтаумен айналысу.
  3. Сирек кездесетін және көп сұраныстағы өлкетану материалдарын электронды нұсқаға көшіру.
  4. Тарихи-мәдени мұраларға арналған ғылыми конференциялар, семинарлар өткізу.
  5. Тарихи-өлкетану кітап қорын қалыптастыру, өлкелік құжаттарды және жергілікті басылымдарды жинақтау.
  6. Кітапхананың өлкетану аппаратын жүргізу, насихаттау.

                                              Жұмыс мазмұны   

  1.  

3.1. Құжаттар мұрасын сақтау және жаңғырту, өлкетану ақпаратттарына қолжеткізуді қамтамасыз ету.

 3.2. Кітапханалық өлкетануды дамыту және насихаттау, іс-шаралар ұйымдастыру.

3.3. Сирек кездесетін және құнды құжаттарды сақтау.

3.4. ОҚО өңірінің  мұраларын   анықтау, тізімін жасақтау.

3.5..  Өлкетану ақпараттарына қолжеткізуді қамтамасыз ету.

3.6.. Өлкетанудың көрнекті өкілдері ойларының шығармашылық мұрасын зерттеу.

3.7.  Өлкетануға байланысты әдістемелік басылымдарды құрастыру және шығару.

3.8     «Оңтүстік Қазақстан» толық мәтінді электронды мәліметтер базасын жүргізу.

а) ОҚО тарихы

ә) Мәдени ескерткіштері

б) Өндірісі

в) Экономикасы

3.9  «ОҚО кіші этностары» атты толық мәтінді электронды мәліметтер базасын жүргізу.

    1. Өлкетану туралы мерзімді басылымдарды түптеу.
    2. Өлкетану мерзімді басылымдарының сақтандыру көшірмелерін жасау.
    3. «Оңтүстік» электронды кітапханасы жобасын жүргізу.
    4. Өлкетану туралы құнды және сирек басылымдарды электронды нұсқаға көшіру
    5. ҚР Мәдениет Министрлігінің «Электронды Мемлекеттік кітапхана қоры – Қазақстанның Ұлттық Электронды кітапханасы» (ЭМКҚ – ҚазҰЭК) жобасына қатысу.
    6.  Өлкетану қорын құру, қалыптастыру.

IV.  Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару

 4.1.Еңбек заңына сәйкес бөлімді кітапхана директорының тағайындауымен бөлім меңгерушісі басқарады. Ол кітапхана бастығының алдында бөлімнің барлық жұмыс мазмұны мен ұйымдастырылуына толығымен жауап береді.

4.2. Бөлім қызметкерлерін Еңбек туралы заңға сәйкес кітапхана директоры тағайындайды және босатады.

4.3. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттері кітапхана директоры бекіткен қызметтік міндеттемелерде айқындалады.

 

 

4.4. Бөлім қызметкерлері жауапты:

  • директор, директор орынбасарының бұйрықтарын, өзінің қызметтік міндеттерін орындауға;
  • жұмыс есептерін уақытында тапсырып, ондағы мәліметтердің дұрыстығына;
  • өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін үнемі көтеріп отыруға;
  • еңбекті тиімді ұйымдастырып, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға:
  • бөлімнің техникалық қауіпсіздігіне, құрал – жабдықтардың сақталуына және өрттен қорғау тәртібін ұстануға.