КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


ШЕТ ТІЛДЕРДЕГІ ҚҰЖАТТАР БӨЛІМІ


І. Жалпы  ахуалы

    1.  Шет тілі  әдебиеттер  бөлімі  кітапхананың  құрылым  бөлшектерінің  бірі  болып  табылады, сонымен  қатар, оқырмандарға кітапханалық – библиографиялық  қызмет  көрсету  арқылы  іске  асырылады.
    2. Білім  қызметі мына  заң түрлеріне, бұйрықтар, құжаттар, ОӘҒК жарлығы, кітапхана регламенті, директор  бұйрығы мен  жетекшілігіне  бағынуға тиіс.
    3. Оқырмандарға  қызмет  көрсету бөлімнің  тәртібі, А.С. Пушкин атындағы  ТОӘҒК – ның  ережесімен  анықталады.

ІІ. Жұмыс  мазмұны

2.1. Оперативті  кітапханалық – библиографиялық  қызмет  көрсету  оқырмандардың  сұраныстарын, қызығушылықтарын  есепке алу.

2.2. Оқырмандарға  бөлімнің  қоры  мен  құрамын  хабардар  етіп,  кітапханалық  ресурстардың  мазмұны  мен  мақсатын  насихаттау.

2.3. Шетел тілін  өзіндік  үйренушілерге  түрлі  қызығушылықтарына  жағдай  жасау  арқылы  іс-шара  ұйымдастыру.

2.4. Шетел тілін  өзіндік  үйренуші  оқырмандарға  аударма  ісінде  кеңес  беріп, көмектесу.

2.5. Шет  тілі әдебиеттер  қорын  қалыпқа  келтіріп,  шет  тіліндегі  сұраныстарды рәсімдеу.

2.6.Бөлімнің  Ақпараттық – библиографиялық  қызметін  ұйымдастыруды: шет тіліндегі  әдебиеттердің  жүйелік және  алфавиттік  каталогы, (электронды және  карточка  түрінде) шет  тіліндегі  мерзімді  басылымдар  картотекасы, «Қазақстан  және  шетел  тіліндегі  әдебиеттер»  картотекасы (электронды және карточка түрінде).

2.7. Шетел  халқының  авторларының  шығармаларын,  насихаттау үшін, шетел елдерін  оқырмандарға  жақынырақ таныстыру  мақсатымен,  іс-шаралар ұйымдастыру.

2.8. «Әдеби кеш»  Салонымен  ұйымдаса  отырып,  белсенді  оқырмандар тобын  анықтау.

2.9.  Қоғаммен  байланысын жүзеге асыру.

2.10. Шет тілінде жаңадан  түскен  әдебиеттерге  бюллетень  басып  шығару  және шет  тілінде әдістемелік  материал  жасау.

2.11.  Оқырмандарға  топтық және  жеке  хабарлар  арқылы жеткізу.

ІІІ. Бөлім қызметін  басқару  және  ұйымдастыру

    1. Шет тілі  әдебиеттер  бөлімінің  жұмыстарын  кітапхана  директоры тағайындаған бөлім басшысы   ғана  жетекшілік жасайды.
    2. Бөлім басшысы бөлім қызметінің  барлық  жұмыстарына  жетекшілік  жасайды:  жоспар және есеп  жоспарын  құру, міндеттелген жауапкершіліктің  толық  орындалуының талаптары мен  функциялары, жұмыс сапасы мен мазмұны, жұмыс уақытысын тиімді пайдалану.
    3. Кітапхана қызметкері кәтапхана директоры мен бөлім басшысының  көмегі арқылы  тағайындалады  немесе  босатылады.
    4. Бөлім  ұжымының  міндеттері мен функциональды жауаптылығын анықтау  директордың бұйрығымен  іске асады.
    5. Бөлім  жұмысы  жалпы  кітапхана жоспарының , жылдық, квартальдық,  және айлық  жоспарымен  іске асады.
    6. Бөлім  қызметкерлері  кітапхана  директорына  бағынады.
    7. Бөлім  жұмысының  тәртібі  кітапхана регламенті  арқылы  анықталады.