КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


АҚПАРАТТЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІ


Жалпы ережелер

1.1. Ақпараттық – библиографиялық бөлімі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады, бөлім арқылы пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету  жүзеге асырылады.

1.2. Ақпараттық – библиографиялық бөлімі директорға бағынып, директордың кітапхана жұмысы бойынша орынбасары арқылы тікелей бақыланады.

1.3. Ақпараттық – библиографиялық бөлім өз қызметінде заң актілеріне: бұйрықтарға, тапсырмаларға және басқа да басшылық құжаттарға, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Жарғысына, кітапхана директорының бұйрықтарымен тапсырмаларына, осы Ережені басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

1.4. Ақпараттық – библиографиялық бөлімде пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету тәртібі А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананы пайдалану Ережесіне сүйене отырып жүзеге асырылады

  1. Бөлімнің негізгі бағыттары

2.1. Ақпараттық – библиографиялық бөлімі мекемелер мен ұйымдарға, жалпы пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсетеді.

2.2. Кітапхананың анықтама – библиографиялық аппаратын насихаттайды.

2.3. Кітапханалық – библиографиялық білім негіздерін пайдаланушыларға насихаттау жұмысына басшылық жасайды.

2.4.Түрлі мазмұндағы және мақсаттағы библиографиялық материалдарды құрастырады және оны басып шығарады.

  1. Жұмыс мазмұны

3.1. Дәстүрлі және электронды каталогтар қызметін жүргізеді.

3.2. Библиографиялық және ақпараттық басылымдарды ұсынады.                          

3.3. Анықтама – библиографиялық аппаратты пайдалану бойынша кеңестер береді.

3.4. Ақпараттық – библиографиялық білімді насихаттайды.

3.5. Мамандар  және ақпарат күндерін өткізеді.

3.6 . «Сұрақ - жауап» режимінде анықтамалар орындайды.

3.7.Бұқаралық ақпарат құралдарын насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында пайдаланады.

3.8. Анықтамалық – библиографиялық аппаратты ұйымдастыру: «Мақалалардың жүйелік» картотекасы, «Өлкетану» картотекасы, «Қазақстан» мақалалардың жүйелік картотекасын қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.

3.9. «Оңтүстіктің дара тұлғалары», «Оңтүстіктің іскер әйелдері», «ОҚО кәсіптік бағдар беретін орта және ЖОО оқу орындары» атты мәліметтер базасын, «Оңтүстік Қазақстан»  атты мәліметтер базасын қазақ тілінде ұсынады.

3.10. Бөлім тәжірибесіне ғылыми – зерттеу жұмыстарын енгізеді.

3.11. «Түркістан облысының іскер әйелдері»,  «Өлкенің дара тұлғалары»,   «А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасы», «Біз шаңырақ астында»,  «Өлкеміздің  ардагерлері», «Шығармашыл кітапханашы», «Асыл мұралар» толық мәтінді мәліметтер базасын жүргізеді.

3.12. Анықтамалық – ақпарат қорын ұйымдастырады.

13.Жеке тақырып бойынша сұраныстарға әдебиеттер тізімін құрастырады.

  1. Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару

 4.1.Еңбек заңына сәйкес бөлімді кітапхана директорының тағайындауымен бөлім меңгерушісі басқарады. Ол кітапхана бастығының алдында бөлімнің барлық жұмыс мазмұны мен ұйымдастырылуына толығымен жауап береді.

4.2. Бөлім қызметкерлерін Еңбек туралы заңға сәйкес кітапхана директоры тағайындайды және босатады.

4.3. Бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттері кітапхана директоры бекіткен қызметтік міндеттемелерде айқындалады.

4.4. Бөлім штаты жұмыс көлеміне және тағайындалған қалыпқа сәйкес белгіленеді.

4.5.Бөлім жұмысы кітапхананың жалпы жоспары негізінде құрылады. Бөлім жоспары мен есептерін кітапхана директорының орынбасары бекітеді.

4.6. Бөлім қызметкерлері жауапты:

  • директор, директор орынбасарының бұйрықтарын, өзінің қызметтік міндеттерін орындауға;
  • жұмыс есептерін уақытында тапсырып, ондағы мәліметтердің дұрыстығына;
  • өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін үнемі көтеріп отыруға;
  • еңбекті тиімді ұйымдастырып, өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға:
  • бөлімнің техникалық қауіпсіздігіне, құрал – жабдықтардың сақталуына және өрттен қорғау тәртібін ұстануға.
  1. Кітапхананың басқа бөлімдерімен байланысы

4.1. Анықтама – библиографиялық бөлім ұсынады;

  • кітап толықтыру бөліміне – әдебиеттерді толықтыру туралы сұраныс және ұсыныс;
  • кітапхананы дамыту бөліміне – әдістемелік құралдарға библиографиялық тізімдер, іс – сапарлар туралы анықтамалар, семинар сабақтарына кеңестер беру;
  • оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне – көпшілік іс – шаралар бойынша ұсыныстық тізімдерге шолулар, библиографиялық құралдар бойынша кітап көрмелерін безендендіру;
  • барлық бөлімдерге – «Сұраныс - жауап» режимінде анықтамалар орындау.

4.2. Анықтама – библиографиялық бөлім орындайды;

  • директор орынбасарынан – жұмыс жоспарын жоспарлау, есеп беру, есепке алу бойынша тапсырмалар;
  • кітапхананы дамыту бөлімінен – әдістемелік құралдар, ұсыныстық тізімдерге сұраныстар;
  • оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінен – әдебиеттерді тақырыптық іріктеп, таңдауға сұраныс;
  • кітап толықтыру бөлімінен – өлкетану туралы әдебиттердің кітапхана бөлімдеріне келіп түсуі жайлы мәлімет;
  • кітап өңдеу бөлімінен – жаңа әдебиеттердің келіп түсуі жайлы мәлімет.