КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


КӨРМЕЛІК-БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС СЕКТОРЫ


Көрмелік – бұқаралық жұмыс секторы

 

І. Жалпы бөлім

    1. Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторы кітапхананың дербес бөлімшесі болып саналады.
    2. Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторы кітапхананың директорына бағынады және директор орынбасарларының тікелей басшылығында болады.
    3. Өз жұмысында көрмелік-бұқаралық секторы: Қазақстан Республикасы заңдарын, кітапханалық қызмет көрсету жұмысын реттейтін стандарттарын,  ҚР Мәдениет Министрлігінің бұйрықтары, жарлықтары және басқа басқарушы құжаттарын; Облыстық Мәдениет басқармасының бұйрықтары, кітапханадағы бұйрықтар мен жарлықтарды, кітапхана ішіндегі жұмыс Ережелері мен осы Ережені басшылыққа алады.

ІІ. Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының негізгі  міндеттері

    1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауларын насихаттау, жастардың арасында патриотизмнің қалыптасуына ықпал ету, ақпараттық қолдау көрсету.
    2. «Мәңгілік ел» таным, тағылым, әдеби-мәдени бірлестігі мүшелерімен бірлесе отырып, әртүрлі көпшілік іс-шара тәсілдерін ұйымдастыру арқылы кітапхананы, кітап қорларын насихаттау, оқырмандардың ақпараттық мәдениетін көтеру, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу.
    3. «Бір ел – бір кітап» акция аясында таңдалған жазушының шығармаларын жариялау және насихаттау жұмыстарын жүргізу.
    4. Жыл мерейтой иелерін және жылдың өзекті бағыттарын оқырмандар арасында насихаттау.

ІІІ. Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының мазмұны

    1. Оқырман қызығушылығын дамытуға, білім жүйесін меңгеруге, ұлттық және әлем мәдениеті мен әдебиеті құндылықтарына тарту, оқырмандардың пайдалы және қызықты бос уақытын ұйымдастыру, өзара сұқбаттасуына септігін тигізетін көпшілік шараларды өткізу.
    2. Оқырмандардың контингентін, олардың қажеттіліктері мен сұранысын зерттеу бойынша маркетингтік талдау жасау, көпшілік жұмыстың әрқилы түрлерінің тиімділігін зерттеу, ең қолайлыларын іс жүзіне енгізу.
    3. Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторы өз жұмысында қоғамдық ұйымдармен, мекемелермен, оқу орындарымен, облыстық жазушылар одағымен, тілдерді дамыту басқармасымен, славян ұлттық мәдени орталығымен, әскери бөлімдермен, бұқаралық ақпарат көздерімен тығыз байланыста бірлесіп жұмыстар атқару.

ІУ. Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының жұмысын ұйымдастыру

    1. Бөлімше жұмысын сектор меңгерушісі ұйымдастырады, жоспарлар мен есебін құрастырады. Осы Ережеде белгіленген мақсат, міндеттер орындауға, жұмыстың мазмұны мен сапасына, жұмыс уақытын тиімді пайдалануына жеке жауап береді.
    2. Сектор қызметкерлерінің міндеттері кітапхана директоры бекіткен қызметтік нұсқаулармен белгіленеді.
    3. Сектор қызметкерлері мыналар үшін жауапты:
  • жұмыс жоспарын, директордың, директордың орынбасарларының бұйрықтары мен жарлықтарын, өз қызметтік міндеттемелерін орындау;
  • бөлімше өткізген жұмыстың жедел және нақты есебін беру;
  • өзінің кәсіби және жалпы мәдени деңгейін көтеру;
  • бөлімше құжаттамасын сақтау және тәртіпте ұстау (келісім шарттар, хаттамалар және т.б.);
  • еңбекті ұйымдастыру, өндірістік және еңбек тәртібін орындау.