КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


КІТАП ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КАТАЛОГТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ СЕКТОРЫ


                  1. Жалпы сектор

    • өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру cекторы А. С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын әдебиеттермен толықтырады. Каталогтарды,кітап қорын жүйелейді,кітапхананың дербес бөлімі болып табылады.
    •  Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы кітапхананың директорына бағынады.
    •  Өз міндетінде кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы мыналарды басшылыққа алады:

а) Іс жөніндегі заңдарды, Мемлекеттік  стандарттарды ;

б) ҚР Мәдениет Министрлігінің каулылары мен жарлықтары;

в) Кітапханадағы бұйрықтар мен жарлықтар;

г) Кітапхана ішіндегі жұмыс ережелері;

д) Осы ережені.

      II.  Сектордың ең басты міндеті

                2.1. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерді өңдеуді жедел жүргізуді қамтамасыз ету және кітапхана қорын бейнелейтін бас әліпбилік каталог,оқырмандар үшін әліпбилік, жүйелік және кітапхананың «РАБИС» бағдарламасы бойынша кітап қорының электрондық  каталогтарын ашып көрсету.

                 2.2. Қазақстан Республикасындағы басқа кітапханалармен кітап өңдеу  мәселелері бойынша қызметтік келісімділігін жүргізу.

                 2.3. Кітапхана каталогтары үшін әдебиеттер каталогтарын орталықтандыру.

                 2.4. Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына әдебиеттерді өңдеу мәселелерімен әдістемелік көмек көрсетуде басшылық ету.

                 2.5. Басылған шығармаларды сипаттау, әліпбилік және жүйелі каталогтарды ұйымдастыру, пайдалану мәселелерін әдістемелік және ғылыми түрде өрістету.

                             III. Сектордың  негізгі қызметтері

                3.1. Кітапхана қорын толықтыру ,жаңа түскен әдебиеттерді бөлу.

                3.2. Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы мынадай шараларды өткізеді:

               а)«ГОСТ 7.1- 2003. Библиографиялық жазбалар. Библиографиялық сипаттама.Жалпы талаптар мен құрастыру ережелеріне»  сәйкес  библиографиялық сипаттама жазу;

               б) дублет әдебиеттерді салыстыру;

               в) компьютерде қосымша және негізгі сипаттаманы жасау;

               г)  авторлық белгілерді және жіктеу индекстерін анықтау;

               д)  жаңа әдебиеттерге индикатор мен кітап формулярын басу;

               е)  электронды каталогты редакциялау;

               ж) карточкаларды каталогтарға құю;

               з) есептен шыққан әдебиеттерді каталогтан алып тастау;

               и) каталогтарды безендіру;

               к)  каталогтарда кеңестер беру;

               м) жаңа түскен әдебиеттерге бюллетень шығару.

              3.3. ОӘҒК-ның кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторының   жылдық ,тоқсандық жоспары мен есебін құру. .

              3.4.Сектор әдебиеттерді өңдеуде және тіркеу уақытын қысқарту,басылған өлшемді материалдық және еңбек шығынын төмендету.

               3.5. Жарамсыз болған жұмысты жүйелі түрде талдап зерттеу,өңдеп іске асыру шараларын қолдану.

               3.6. Секторде нұсқаулық-әдістемелік әртүрлі уақыт мөлшерін өндірістік процесті құру.

               3.7. Республикалық және облыстық  кітапханаларының озық іс-тәжірибесін зерттеп енгізу,өзінің озық іс-тәжірибесін талдап қорыту, кітапханада кітап қорын толықтыруда әдістемелік және ғылыми түрде өңдеу , басылған шығармаларды жіктеу,

каталогтарды ұйымдастыру және пайдалану.

               3.8. Әр түрлі жолмен сектордегі қызметкерлердің кәсіптік деңгейде білімін көтеру олар: курстар, семинарлар, жұмыс орнында білім көтеру формасына қатысу.

               3.9. Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін сақтау мен ережесін орындау дәрістерін дер кезінде алынуына бақылау жасау.

                              IV.  Сектордың  құқығы

            Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру  секторы мыналарға құқығы бар:

         4.1. Орнатылған тәртіп бойынша секторге кадрларды дұрыстап таңдап алып орналастыруды іске асыра алады.

         4.2. Қызметкерлердің құқығы мен міндетін анықтай алады.

         4.3. Қызметкерлерді үздік жұмысы үшін мадақтай алады,еңбек тәртібін бұзса, сол үшін заң жүзінде жауапқа тарта алады.

                             V. Секторды басқару

          5.1. Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторын сектор басшысы басқарады. Оны қызметіне кітапхана директоры тағайындайды және босатады. Тағайындалған   сектор басшысының білімі жоғары болуы керек және кітапханада жұмыс жасаған тәжірибесі болуы керек.

         5.2. Сектор басшысы сектордегі барлық жұмысты ұйымдастырады. Сектор басшысының тапсырысы барлық қызметкерлерге бірдей.

         5.3. Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторының құрылысын және штатын орнатылған ретімен кітапхана директоры бекітеді.

         5.4. Сектор қызметкерлері сектор басшысының ұсынуымен тағайындалады  және босатылады.

          5.5. Сектор қызметкерлерінің міндетін, лауазымдық қызметін   кітапхана директоры бекітеді.

           5.6. Сектордың біріңғай жоспарлары, кітапхана бойынша құрылады. Сектордың жоспар мен есебін кітапхана директоры бекітеді.

                   VI.  Сектордың басқа да бөлімдермен өз ара қарым-қатынасы

           6.1. Кітапхана қорын әдебиеттерді өңдеу секторы қабылдайды.

           6.2. Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы мыналарды ұсынады :

                  - кітапхана директорына бекітуге жылдық жоспар мен жылдық есебін;

                  - кітапхана директорының орынбасарына тоқсандық жоспар мен есебін;

                  - шаруашылық жағынан директордың орынбасарына мүлікті жаңартуға, жөндеуге , кеңсені жөндеуге тапсырыс;

              6.3. Кітап өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы ғылыми-әдістемелік бөлімі өткізетін семинарлар мен отырыстарға қатысады, ол жерде әдебиеттерді өңдеу мәселелері қаралады.

                          VII. Сектордың жауапкершілігі

       Сектор және оның басшысы мыналарға жауапты:

  • белгіленген уақытта белгіленген жоспарды жоғары сапамен тапсыру;
  • есеп құжаттарын уақытында ұсыну және мәліметтің дұрыстығын анықтау;
  • кітапханадағы барлық  әліпбилік жүйелі,электрондық каталогтарды жоғарғы нәтижеде пайдалану;
  • секторде қызметкерлердің еңбекті ұйымдастыру еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау;
  • техникалық  қауіпсіздік жағдайын, еңбекті сақтау, өндірістегі тазалық сақтау және өрт сөндіру қауіпсіздігін сақтауға;
  • сектор кітапхана басшылығы және жоғары жақтың ұйымы жасаған ережесін ,бұйрығын,жарлығын, есептерін және міндетін орындауға.