КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ


КІТАПХАНА ҮДЕРІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ


Кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімі

  Кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімі-жаңа технологияларды енгізу және ақпараттық ресурстарды дамыту,кітапханадғы ақпараттық-билиографиялық үрдістерді автоматтандыру саласы бойынша кеңес беруді, іс жүзінде көмек көрсетуді, басқа да ұйымдстыру жұмыстарын жүзеге асыратын бөлім.

Компютерлерді жетілдіру физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі замандағы бағдарламалар жасақтамаларын орнату. Сканерден өткен электронды кітаптарды WORD бағдарламасына салып реттеп отыру. Кітапханада болған ақпараттарды интернет желісіне хабарлау.

 

            Ақпараттық сервистік қызмет көрсету секторы бөлімінің негізгі бағыттары мен ережерлері:

  1. Кітапхананың локальды компьютер жүйесінің техникалық қамтамасыз ету.
  2. Кітапхананың электронды катологын қолдануға және қызмет көрсетуге ақпараттық қолдау жасау: қызмет саласы бойынша мамандарды үйрету, оқыту, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
  3. WEB РАБИС автоматтандырылған кітапханалық жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету: ағымдағы келіп түскен құжаттардан кітапхананың электронды ресурстар қорын тексерту; кітапхана қорына жыл сайын түсіп жатқан мерзімді басылымдардан алынған мақалалардың аналитикалық сипатталған библиографиялық жазбаларын кітапхананың электронды катологына енгізуін басқару; кітапхананың электронды католыгын сапалы технологиялық толықтыруын қадағалау; республикалық деңгейде библиографиялық жазбалармен кітапханааралық алмасу процесін дамыту; кітапхананың электронды жүйедегі мәліметтер қорын қолдау саласы бойынша мамандарды үйрету, оқыту, кәсіби шеберлігін жетілдіру.
  4. Кітапхана пайдаланушыларына ақпарат технологиялар негізінде қызмет көрсетуін жетілдіру: кітапхананың интернет орталығы жұмысын жақсарту, тұтынушыларға Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
  5. Кітапхана бөлімдерінің бірлескен жұмысы негізінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу: Автоматтандыру бөлімі кітапханашыларды жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға тренингтермен шеберлік класстар арқылы үйрету. Жұмыс тәжірибесіне ең жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету.
  6. Кітап қорын ЭЛАР ПланСкан А2В және Scan Snap SV600 кітап сканерлері арқылы сандық форматқа көшіру жұмыстарын атқару, РАБИС бағдарламасына енгізу, кітапхана пайдаланушыларына қолжетімділік туғызу.

 

              Техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің негізгі бағыттарымен ережелері:

  1. Кітапхана www.pushkinlibuko.kz  сайтына  технологиялық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, жаңартып, заман талабына сай мазмұнды етіп жетілдіру, ақпараттарды уақытылы енгізіп отыру.
  2. Интернет және libraryshym@mail.ru электронды поштаға кіруді ұйымдастыру.
  3.  libraryshym@mail.ru фейсбук желісіне хабарландырулар мен жаңалықтарды енгізу.
  4. Серверлер, локалды жүйе және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету.
  5. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  6. Электронды ақпараттық ресурстарын сақтауға, оларды ұйымдастыруға  жаңа тәсілдер іздеу.
  7. Кітапхана пайдаланушыларына ақпарат технологиялар негізінде қызмет көрсетуін жетілдіру: кітапхананың интернет орталығы жұмысын жақсарту, тұтынушыларға Интернет желісінде жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.